№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МӘМС-ке артық немесе қате төленген жарналарды қалай қайтаруға болады?

МӘМС-ке артық немесе қате төленген жарналарды қалай қайтаруға болады?


Жаз – демалыс кезеңі. Бұл күндері және жалпы жыл бойы МӘМС жүйесінде сақтандырылғандардың қатарында болу маңызды. Өз мәртебеңізді қалай сақтауға, артық немесе қате төленген жарналарды қалай қайтаруға болады? Халықтың осы және өзге де сауалдарына Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының областық филиалының бөлім басшысы Абылайхан Рахымов жауап берді.


Міндетті медициналық сақтандыруға артық немесе қате төленген жарналарды қалай қайтаруға болады?
 Төлеуші   міндетті медициналық сақтандыруға қате аударылған соманы қайтару туралы өтінішті өз қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалына тапсыруы керек (өтінімнің үлгісі Денсаулық сақтау министрлігінің 30 маусымдағы бұйрығында, 2017 ж. No 478, 1 қосымша) Төлеушілерге шегерімдердің, жарналардың және (немесе) шегерімдердің уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін артық (қате) есептелген сомаларды қайтару ережелері төмендегі сілтемеде.
Егер кәсіпкердің табысы болмаса, ол нөлдік кіріс тапсырады. Бұл жағдайда қалай болады?
 Егер жеке кәсіпкер нөлдік декларацияны тапсырса, ол өзі үшін жарналарды төлеуге міндетті, себебі мемлекеттік кіріс органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұр.
«МӘМС туралы» Заңның 28-бабының 5-тармағына сәйкес ЖК, ШҚ иелерінің, жеке практикамен айналысатын адамдардың ай сайынғы төлем мөлшері 2022 жылы 4200 теңгені (1,4 ЕТЖ-дан 5%) құрайды.
 «МӘМС туралы» Заңның 31-бабына, 1-тармағына сәйкес, жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлем жасамаған жағдайда төлем жасалған күнді қоса алғанда, әрбір кешіктірілген күн үшін төленбеген соманың 1,25% мөлшерінде айыппұл салынады.
 Тиісінше, егер жеке кәсіпкер салық органдарымен қызметін және салық есептілігін тоқтатқан болса, жұмыс істемесе және кіріс ала алмаса, бірақ сонымен бірге жеке тұлға бола тұра, үш жасқа толғанға дейін бала күту немесе бала күтімі бойынша демалыста болса, онда бұл адам міндетті медициналық сақтандыру үшін жарна төлеуден босатылады.
Ресми түрде жұмыс істейтін адам 56 күндік ұзақ демалысқа шықты. «Сақтандыру» мәртебесін сақтап қалу үшін МӘМС-ке жарнаны қалай төлейді?
 Сіздің жұмыс берушіңіз міндетті медициналық сақтандыру төлемдерін дұрыс бөлуі қажет. Егер демалыс бірнеше кезеңді (бір айдан астам) қамтитын болса, онда міндетті медициналық сақтандыру төлемдерін кезеңдерге бөлуі тиіс. Мысалы, сіз тамыз және қыркүйек айларында демалыста болды делік.  Бұл жағдайда есепші төлемдерді бір сомада емес, екі түрлі кезеңге (тамыз және қыркүйек) есептеуі керек.
08 шілде 2022 ж. 364 0