» » Балалар жылында, балалар шығармашылығына арналған дәстүрлі "Ақ көгершін" YI облыстық әншілер конкурсы өтті

Балалар жылында, балалар шығармашылығына арналған дәстүрлі "Ақ көгершін" YI облыстық әншілер конкурсы өтті


ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай 5 шілде күні Жаңақорған аудандық Бірлік ауылдық клубында Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының қолдауымен, М. Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйі және Бірлік ауылдық клуб кәсіпорының ұйымдастыруымен балалар шығармашылығына арналған «Ақ көгершін» ҮІ облыстық балалар ән конкурсы өтті.


 Конкурсқа облыс аудандары мен Қызылорда қаласынан екі жас ерекшелігі бойынша (9-10 жас және 11-13 жас аралығы) барлығы 16 өнерпаз қатысып, бақтарын сынады. Конкурстың шарты бойынша жергілікті балалар тақырыбына, балалардың репертуарына енетін әндерден 1 ән, екінші еркін тақырыпта кез келген тілде бір ән орындады.
 Талантты өрендердің бағын ашатын өнер додасына 16 үміткер тартылды. Дарынды балғындардың өнерін сын сүзгісiнен өткiзетiн қазылар алқасында Бағдагүл Есмұрзаева-Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюссерлігі орталығының музыкалық бөлімінің жетекшісі, Рустам Рысмағанбетов-Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің "хорды дирижерлау" бөлімінің оқытушы, Оразғали Бидашев-композитор, Келінтөбе ауылдық клубының директоры, сынды өнер тарландары болды. Қылдан нәзік, қылыштан өткip үміткерлер садасынан сазды әуен сауып, серпiлic сүйер тыңдарманды сиқырлы үнiмен баурап алды.
 Облыстың түкпір-түкпірінен жиналған өнерлі өрендердің байқауында кіл жүйріктің ортасынан оза шауып Бас жүлдені Жаңақорған ауданынан қатысқан Шанияр Айзат пен Қызылордалық Дидарқызы Айару жеңіп алды. Ал, I орын биiгiне шыққан жеңімпаздар саны екеу. Олар, Арал ауданынан қатысқан Пак Амелия, Қызылорда қаласынан Икласбек Тұмарханым. Жүлделі II орынға Сырдариялық Құдайберген Аймереке, Қазалылық Нұржаубай Нұрсезім iлiндi. Ал, III орын мiнберiне Қызылордалық Нұртілеу Ерасыл, Жалағаш ауданынан Сәндібек Нұрила, Жаңақорғандық Бөрібай Бекарыс, Қармақшы ауданынан Көркемқызы Дильназ шықты.
 Жеңімпаз балдырғандардың қуанышында шек жоқ. Өйткені тіс қаққан мамандардың сынынан өту оларға оңай тиген жоқ.
- Байқаудан шабыттанған өнерпаздар өнер жолында өзінің орнын тапса екен - дейді қазылар алқасының мүшесі Оразғали Бидашев. Иә, бiздегi тiлекте сол. Көмейiне бұлбұл ұялаған барша қатысушыларға зор алғысымызды білдіреміз! Ал, жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!










06 шілде 2022 ж. 398 0