№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендетуге ұсыныс даярлады

Әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендетуге ұсыныс даярлады


Әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету ұсынысы бойынша министрлік деңгейінде талқылау болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендету туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер жыл бойынша алып қарасақ, зейнетке 100 мыңға жуық адам шығады. Ал еңбекке қабілетті жасқа толғандар мен еңбек нарығына шығатын жастардың саны 300 мыңнан асады. Сондықтан бұл деректерді салыстыру дұрыс болмас», – деп тоқталды Т. Дүйсенова.

Сонымен қатар ол әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету ұсынысы бойынша министрлік деңгейінде тиісті мәселелер қаралғанын жеткізді.

«Біздің ұсыныстарды қаржы саласының блогы қарастырып жатыр. Осы орайда біз бір келісімге келсек, оны жариялаймыз. Әлеуметтік саладағы кез келген бастама қаржы саласына қатысты екенін түсіну керек. Зейнетке шығу жасын көтеру немесе төмендету мәселелері қаржы мүмкіндігіне қарай қаралады», – деді ведомство басшысы.

«Біз зейнетке шыққанда, лайықты зейнетақы алуымыз керек. Ал еңбек өтілі мен жинақ сомасы аз болса, біз жоғары зейнетақы төлемін аламыз ба? Егер әлемдегі тәжірибеге қарасақ, тәжірибесі бар адамдар белсенді болуы үшін әлеуметтік қызметтерге тартылады. Сондықтан бұл адамдарды зейнетке шығарып, олардың қызметін осымен аяқтай салуға болмайды», – деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда орташа зейнетақы 105 мың теңге шамасында. Зейнеткерлердің 20-25 пайызы 150 мың теңгеден артық алады. Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында сенатор Дана Нұржігіт әйелдердің зейнетке шығу жасын 58 жасқа дейін төмендетуді ұсынд
16 маусым 2022 ж. 340 0