» » Қызылордада сауда департаментінің басшысы тағайындалды

Қызылордада сауда департаментінің басшысы тағайындалды


Президенттік жастар кадрлық резервінің іріктеуінен өтіп, жеңімпаз атанған қызылордалық мемлекеттік қызметші департамент басшысы қызметіне көтерілді.


Асылхан Сүйіндіков осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарған.

10 маусым күнінен бастап ол  Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті Қызылорда облысының Сауда департаментінің басшысы қызметіне  тағайындалды.

Асылхан Сүйіндіков 1987 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ-Британ техникалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген, 2017 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Англияда Эксетер университетінде қаржы мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2010 жылы «ТМФ Казахстан» ЖШС есепшінің көмекшісі қызметінде бастап, әрі қарай экономика саласында қызмет атқарып,  бірқатар мемлекеттік органда талдаушы, сарапшы болып жұмыс жасаған.

Жас мемлекеттік қызметші орталық мемлекеттік органдарда тәжірибе жинап, осы кезге дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінде жауапты қызметтерді абыроймен атқарып, осы жылдың 10 маусымына дейін Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметінде болған.

13 маусым 2022 ж. 317 0