» » IT технологияларды қолданысқа енгізу мәселелері талқыланды

IT технологияларды қолданысқа енгізу мәселелері талқыланды


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Оқу процесіндегі цифрлық трансформация және қолданбалы бағдарламалауды қамтамасыз ету» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.


Конференция Еуропалық Одақтың Эразмус+ бағдарламасы шеңберінде «Информатика саласындағы PhD докторанттары мен жас зерттеушілерге арналған алдыңғы қатарлы орталық – ACeSYRI» бірлескен жобасы бойынша ұйымдастырылды.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция онлайн және офлайн режимінде гибридті форматта жүргізілді. Конференцияға жақын және алыс шетелдердің ғалымдары, Болгария, Ресей, Украина, Қазақстанның жоғары оқу өкілдері, сондай-ақ ACeSYRI жобасы консорциумының мүшелері қатысты.

«Конференция алаңы әр түрлі елдердің жас және тәжірибелі ғалымдары арасында пікір алмасуға ықпал етті. Конференция барысында айтылған ұсыныстар алдағы уақытта қолданысқа енбек. Шара қорытындысы бойынша арнайы жинақ даярланады. Жалпы конференцияны Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде өткізу – өңір үшін де маңызы зор оқиға», – деді университеттегі Халықаралық жобалар мен стипендиялық бағдарламалар жөніндегі топ жетекшісі Темірболат Кеншінбай.

Жиында IT технологияның қазіргі даму кезеңі бойынша өзекті мәселелер қозғалды.

Конференцияның ұйымдастыру комитетіне 128 ғалым мен оқытушыдан 88 ғылыми мақала келіп, 9 мақала пленарлық отырыста талқылауға шығарылды. Ал, қалған 79 мақала 4 секцияда талқыланбақ.
10 маусым 2022 ж. 339 0