№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Конституциялық түзетулер бойынша дауыс беру жалпыхалықтық сипатта болды

Конституциялық түзетулер бойынша дауыс беру жалпыхалықтық сипатта болды


Конституциялық түзетулер бойынша дауыс беру жалпыхалықтық сипатта болды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды.

Осы жылдың 6 маусымында таңғы 08-00-дегі жағдай бойынша еліміздің барлық өңіріндегі және шетелдегі барлық 10 012 референдум учаскесінде дауыстарды санау аяқталды. Конституциялық түзетулер бойынша дауыс беру жалпыхалықтық сипатта болды.

«Республикалық референдум туралы» конституциялық заңның 31-бабына сәйкес, егер дауыс беруге құқығы бар осындай азаматтардың жартысынан астамы қатысса, референдум өткізілді деп есептеледі. Республикалық референдумға шығарылған Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар егер олар үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп саналады», деді Нұрлан Әбдіров.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, референдумға қатысуға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны еліміздің барлық өңірлерінде дауыс беруге қатысқандардың 77,18 пайызын құрайды. Ал бұл 6 163 863 адам.

Бұл 17 өңірдің әрқайсысында абсолютті көпшілікті құрап отыр. Осылайша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кемінде үштен екісінде қолдау қажеттігі туралы Конституциялық заң талабы сақталды.
06 маусым 2022 ж. 245 0