№97 (8601) 6

06 желтоқсан 2022 ж.

№96 (8600) 3

05 желтоқсан 2022 ж.

№95 (8599) 29

29 қараша 2022 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Ғалым Әміреев: Өзгерістерге өз таңдауымызбен жетеміз

Ғалым Әміреев: Өзгерістерге өз таңдауымызбен жетеміз


Бүгін партия жанындағы республикалық штабтың мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғалым Әміреев Қармақшы ауданындағы Көмекбаев ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі болатындығын, «биліктің көзі - халық» деген принципті жүзеге асыруға жол ашылатынын, бұл тек Президент не Парламент шешетін мәселе емес, бұл - бүкілхалықтық деңгейдегі міндет екендігін кеңінен талқыланды.

«Мемлекеттің болашағына бей-жай қарамайтын кез келген қазақстандық жалпыхалықтық референдумның маңызын түсінуі керек. Ел болашағы үшін конституциялық реформа жасау қажеттігін Президентіміздің өзі де айтты. Біз конституциялық реформаның шешуші кезеңіне қадам басып жатқанымызды түсінуіміз керек. Шын мәнінде, мұның ел тағдыры үшін айрықша мәні бар. Сондықтан айдың 5-ші жұлдызында өтетін жалпыхалықтық референдумға дауыс беруге баршаңызды шақырамын. Өзгерістерге жету үшін таңдау жасайтын сәттен қалыс қалмаңыздар, – деді республикалық штабтың мүшесі Ғалым Әміреев.

Сондай-ақ сайлаушылармен кездесуге аудандық партия филиалы жанындағы штаб мүшелері де қатысып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Штаб мүшелерімен өткен басқосуға қатысқан ауыл азаматтары санаулы күндерден соң өтетін науқанға біркісідей атсалысатындарын жеткізді.
01 маусым 2022 ж. 163 0