Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ДЕПУТАТТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ДЕПУТАТТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдау жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша ҚР Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, республикалық штаб мүшесі Шиповских Геннадий Геннадиевич Жаңақорған ауданының активі және зиялы қауым өкілдері және мәслихат депутаттарымен кездесті.
Кездесу барысында Конституцияға еңгізілетін өзгерістерге тоқталды. Олар:
- Жер және оның қойнауы, су, газ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғат ресурстары Халыққа тиесілі.
- Өлім жазасына тиым салынады.
- ҚР Президенті саяси партияда болмауы тиіс және жақын туыстары мемлекеттік қызметтерде басшылық қызметтер атқаруға құқығы жоқ.
- Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін мәслихат депуттарының келісімімен тағайындалады.
- Конституцияда белгіленген мемлекеттік тәуелсіздігі, Республиканың біртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны Республика қызметінің түбегейлі принциптері өзгеріссіз болып табылады.
Конституцияның жаңғыруы іргелі сипатқа ие және елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертеді. Бұл шешім қабылдау процесіне халықтың қатысуы маңызды жайт болып табылады.
Референдум және Конституцияны өзгерту арқылы жаңа қоғамдық келісім жасалады деп айтуға болады. Әділеттілік қағидаты негізінде өзара қатынастардың жаңа сипаты құрылады. Себебі, жаңа Қазақстан, Президент айтқандай, Әділетті Қазақстан.
Референдум және Конституцияны өзгерту арқылы жаңа қоғамдық келісім жасалады деп айтуға болады. Әділеттілік қағидаты негізінде өзара қатынастардың жаңа сипаты құрылады. Себебі, жаңа Қазақстан, Президент айтқандай, Әділетті Қазақстан.
Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазқстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз екенен атап өтті Г.Шиповских.
#ReferendumAMANAT




27 мамыр 2022 ж. 468 0