№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » РЕФЕРЕНДУМ АШЫҚТЫҚТЫҢ, ДЕМОКРАТИЯНЫҢ, САЯСИ ТЕҢДІККЕ ЖЕТУДІҢ ЕҢ БИІК САТЫСЫ

РЕФЕРЕНДУМ АШЫҚТЫҚТЫҢ, ДЕМОКРАТИЯНЫҢ, САЯСИ ТЕҢДІККЕ ЖЕТУДІҢ ЕҢ БИІК САТЫСЫ

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы жанынан құрылған республикалық штабтың мүшесі Бақытбек Смағұл Жаңақорған кенті, Жаңақорған ауданаралық ауруханасында медицина қызметкерлеріне референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді. Республикалық штаб өкілдерімен бірге Облыстық маслихат депутаты Амитов Нуридин Егембердіұлы, Жаңақорған аудандық маслихат хатшысы Сопбеков Ғалымжан Жарқынбекұлы, аудандық маслихат депутаты, Ауданаралық аурухананың бас дәрігері Үсейнов Сакен Алеудинұлы қатысты.

Референдум - қоғам арасында қызу талқыланып, қолдау тауып отыр. Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі болатындығын, соңғы Жолдауда Президент тың саяси реформаларды жариялап, билік институттары арасындағы конституциялық құрылымды жетілдіруге мүдделі екенін танытты. Конституциялық реформаны плебисцит арқылы жүргізу Қ.К.Тоқаевтың реформаторлық бағытының жалпыұлттық сипатын қамтамасыз етеді, екінші республиканың қоғамдық заңдылығын және оның құқықтық негізінің мызғымастығын нығайтатындығын, конституцияның авторы халық болатындығын, Мемлекет басшысы "Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік беретінін" атап өтті.

Екінші республика дұрыс саяси стандарттарды қайтарады - Конституцияға түзетулер жобасын референдумға шығару туралы шешіммен бірге Мемлекет басшысы қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастың жаңа, дәлірек айтқанда, дұрыс стандарттарын қайтарады. Бұл, биліктің қайнар көзі - ең алдымен халық, ал шешімдер тек белгіленген рәсімдер мен нормаларға сәйкес қабылданатын болады.
Штаб мүшелері денсаулық саласы қызметкерлерін өз азаматтық ұстанымдарын білдіру мақсатында Референдумға бір кісідей қатысып, азаматтардың игілігі үшін жасалып жатқан, елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін еліміздің Ата заңы - Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдауға шақырды.
#ReferendumAMANAT
27 мамыр 2022 ж. 391 0