№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қоғамның белсенділігі қажет

Қоғамның белсенділігі қажет


Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшелері Владимир Волков, Қанатбек Сафинов, Андрей Лукин 
және Нұрлан Бекназаров Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесті.

Депутаттар кездесу барысын­да қатысушыларға еліміздің Конс­­титу­циясына енгізуге ұсы­ныл­ған өзге­рістер туралы айтып, Мемлекет басшысының осы мәсе­ле бойынша жалпы рес­пуб­ли­калық референдум өткізу туралы шешімі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасына толық сәйкес келетінін атап өтті.

«Мемлекеттің жерге, оның жер қойнауы мен байлығына меншік құқығы, өлім жазасына толық ты­йым салу, конституциялық сотта конс­ти­туциялық құқықтар мен бостан­дықтарды қорғау және т.б. сияқты маңызды мәселелер 27 жыл ішінде тұңғыш рет Қазақстанның барлық азаматының пікірін ескере отырып шешілетін болады. Біз бәріміз Конституцияға енгізілген маңызды түзетулер үшін дауыс беруіміз керек. Бұл өзгерістер арқылы жүзеге асатын жаңа саяси реформалар де­мок­ратиялық қайта құруға деген адал­дық­ты көр­сетеді», деді ко­митет төра­ғасы В.Волков.

Депутат Н.Бекна­за­ров өнер сала­сын­дағы әлеуметтік-мәдени және эко­номи­ка­лық мәселелерді шешудегі мем­ле­кеттің рөлін қозғап, алдағы рефе­рендумға белсенді қатысуға ша­қыр­ды.

«Университет ағарту ісінің бесі­гі және ұлттық кәсіби музы­ка­лық білімнің, мәдениет пен өнер орта­лы­ғы болып табылады. Осы салада қызмет ететін жандардың Жаңа Қазақстанның идеологиясын жандан­ды­руда ерекше орны бар және алдағы рефе­рендумда сіздердің дауыс­та­ры­ңыз өте ма­ңызды», деді сенатор А.Лукин.

В.Волков кездесуді қоры­тын­дылай келіп алдағы ре­фе­­рен­дум­ның оң нәтижесі аза­мат­тардың бел­сенділігіне байланысты болатынын атап өтті.
26 мамыр 2022 ж. 365 0