№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Бетбұрыс қадам билік пен халықты біріктіруі тиіс

Бетбұрыс қадам билік пен халықты біріктіруі тиіс

Мемлекетіміз алға қарай өркен­деуі үшін әрбір азамат оның өркениетті даму бағытына өзіндік үнін қосу қажет. Бүкілхалықтық референдум өткізу талаптарын замана тынысымен толғағы жеткен мәселе ретінде күн тәртібіне шығып отырған қажеттілік деп есептеуге болады. Өйткені мұндай ауқымды өзгеріс бүкіл халықтың шешімімен жүзеге асырылуға тиісті.
Бұдан 27 жыл бұрын қабылданған Ата Заң бүгінде жарқын жаңару жолына түскен қоғамымыздың негізгі тетіктеріне тірек бола алмайтыны айқындала түсті. Бұл, бәрінен бұрын, мемлекетіміздің басты құн­дылығы – адам және оның өміріне кемел кепіл бола алмайтыны, тіпті кемшіліктерге киліктіретіні өз-өзінен түсінікті. Осыны терең зерделеп, жаңа қоғамға сай жаңартылған заңдар жинағын қалыптастыруды көрегендікпен болжаған Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл бастамасын халық болып қызу қолдап, ортақ ой, озық сана, ұлттық мүддемізбен үйлесетін үлгілі заң жобасын әзірлеуде «жеті өлшеп, бір кескен» халық даналығын қазық етіп, қастерлі де, қасиетті қағидамызды бекітіп алуға мүмкіндік алғанымызға ел болып қуанулымыз. Бұған әр сала, әр мамандық иесі өз қолтаңбасын қалдыруы тиіс.

Қоғамбек Бисенбиев
14 мамыр 2022 ж. 322 0