№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңа Қазақстанды бірге құрайық

Жаңа Қазақстанды бірге құрайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында атап көрсеткеніндей, саяси жаңғыртусыз елдің алға қарай ілгерілеуі мен дамуы мүмкін емес.
Сондықтан осы жолы кон­ституцияға енгізілген түзетулер маңызды саяси реформаларды қамтитынын атап өткен жөн. Ал өз кезегінде бұл өзгерістер Жаңа Қазақстанды дамытуға серпін беретіні анық. Тіпті бұл республикалық референдум Қазақстан азамат­тарының өзі қабылдайтын маңызды шешімге айналып отыр.
Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясының жалғасы іспетті көрінген бұл үндеудің негізгі идеясы азамат мүддесін басты орынға қою. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың азаматтармен бірлесе отырып шешім қабылдауына мүмкіндік беретін кедергісіз мемлекет құру деп білемін.
Республикалық референдум өткі­зу азаматтарымыздың консти­туция­лық құқы белгілі. Бүкіл халыққа ел болашағы үшін ортақ жауапкершілік жүктейтін бұл ортақ мүддеге жұмылсақ нағыз демократиялы және әділетті «Жаңа Қазақстанды» қалыптастыра аламыз деп сенімді түрде айта аламын.

Жасұлан АМАЛБЕКОВ,
«Шиелі Жарығы» ЖШС Жаңақорған филиалының
директоры
14 мамыр 2022 ж. 1 576 0