№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Өзгеруді өзімізден бастаған жөн

Өзгеруді өзімізден бастаған жөн


Мемлекет басшысының жаңа Қазақстанды құрудағы бастамаларының негізгі өзегі, нақты меже мен мақсаты осы өзгеруден, жарқын жобаларды жүзеге асырудан басталады. Әсіресе Ата Заңға байланысты толықтырулар баянды болашағымыздың бағдарын айқындап, көкжиек келешекке жетелейтіні ақиқат. Ол үшін тек жоғары билік қана емес, бұқара болып осы жүйеге атсалысу міндетіміз, перзенттік парызымыз. Осы бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды қолдау мақсатында Мәжіліс депутаттарының өңірлерге насихат жұмысы басталды. Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева мен Қызылорда облыстық маслихатының хатшысы Наурызбай Байқадамов осы мақсатпен Жаңақорған ауданына келді.


Алдымен Балайым Туғанбайқызы бастаған делегация «AMANAT» партиясының аудандық филиалы ғимаратында зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Аудан әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев және партия филиалының атқарушы хатшысы Арман Мажитов бірге болды. Аудандарды аралап, халықпен кездесудегі мақсат­ты сапарды Наурызбай Сейітқалиұлы түсіндіріп кетті.

– Өздеріңізге белгілі, Президент Қа­сым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда рес­пуб­ликалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Кон­ституциялық реформа – Президенттің наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған саяси реформа­лар бағдарламасын жүзеге асыру үшін қол­ға алынған маңызды жоба. Бұл бір сөз­бен айтқанда, тұтастай ұлттың ертеңіне деген нақты қадамдар баспалдағы. Халықтың көбі, оның ішінде жастар бұл мәселені толық түсіне алмады, осы бағытта түсіндірме жұымысын жүргізіп, ел арасында кеңінен насихаттау биліктің, депутаттардың басты міндеті. Балайым Кесебаеваның елге келудегі негізгі мақсаты осы, – деді облыстық мәслихат хатшысы.

Өзгерістер – Жаңа Қазақстан құруға бағытталған қадамның жарқын көрінісі. Бүгінде елімізде болып жатқан саяси реформалардың басты тетігі ретінде конституциялық өзгерістерді Президенттің өзі ұсынған болатын. Бұл жерде Мемлекет басшысы халық тарапынан туындайтын барлық мәселені ескеріп отырғанын да айта кеткен ләзім. Дұрысы, Президент елдің пікірін ескергісі келеді.
– Конституцияға енгізілетін өзгеріс­терге байланысты референдум өткізу туралы Президенттің ұсынысы өте дәйекті екені даусыз. Себебі мұның барлығы қоғам тарапынан болған сұраныстың нәтижесінде қолға алы­нып жатқан жұмыстар. Мемлекет басшысының саяси реформадағы ең маңызды бағыттар ретінде билік тар­мақтары арасындағы теңгерімді өзгерту, суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға түбегейлі көшу, бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу, Парламенттің рөлін күшейтіп, мәртебесін арттыру, елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру жүзеге асады. Бұл қадамдар елдің келешегін кемел ете түседі. Өйткені, референдумды қолдану жүйесі демократиялы елдерде кеңінен қолға алынып, тиімділігін көрсетуде.
Мәселен, Швейцарияда әрбір 3-ші заң осы жүйе арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан саяси науқанға билік өкілдері ғана емес, тұтастай ел болып дауыс беруіміз керек. Бұл бағыттың түпкі мақсаты – ұлттық ойлауды жоғары деңгейіне көтеру болып табылады.

Теңдік, бәсекелестікті арттыру, аза­маттардың құқықтарғын қорғау, әсіресе сот саласындағы түзетулер өте маңызды қадамдар қатарында. Шыны керек, Мәжіліс депутаттарының, тіпті Президент аппаратының алдында Мемлекет басшысына жазылған қаншама арыз-шағымдар бар. Олардың көбі сот саласы болсын, басқа да сала болсын, шешімдерге қарсылықтан жазылуда. Міне, осындай түйіні көп мәселелерді уақытылы шешу немесе болдырмаудың бірден-бір жолы осы Ата Заңның қайта қалпына келіп, теңдік тұғырына қайта қондыруға бағытталады – деді Балайым Кесебаева.
Ұсыныс-тілектер тыңдалды, ел ағасы Ерубай Қалдыбек бірнеше мәселені ортаға салды. Ана тілінің мәртебесін көтеру, субсидиялау, тендер, алимент және өршіп тұрған жер дауын жүйелі шешуді қолға алсақ деді. Әсіресе, қазақ тілінің қолдану аясын, мінберде жүрген шенділердің жетік меңгеруі заң жүзінде шегеленсе деген тілегін жеткізді.
Келесі кезекте түсіндірме топ білім қызметкерлерімен кездесу үшін «Арман» кенттік мәдениет үйіне барды. Ұстаздар қауымына алдағы науқан туралы толық ақпарат беріп, маңызды жүйеге жұмыла жұмыс жасауға шақырды. Өйткені, педагогтардың рөлі айрықша, қандай науқан болмасын ұстаздар белсенділік танытады. Айта кететіні, республикалық қоғамдық штаб мүшелерімен бірге «AMANAT» партиясы атынан сайланған Бақытжан Төлегенов, Серік Мырзабаев, Әсемгүл Тілеубергенова және Жанат Жүсіпова қатысып, ой бөлісті.
Одан әрі, «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ тау-кен байыту комбинатының ұжымы­мен кездесіп, бағыт-бағдарды айқын­дады. «Жалпыхалықтық референдумда Конституциядағы 98 баптың 33-іне өзгерістер енгізілетін болады. Алдағы референдум – жекелеген топтарды күшейтуді емес, мемлекетімізді же­тілдіру, жаңғырту және нығайтуды көздейді» – деді «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Балайым Туғанбайқызы.

Қоғамның негізгі қозағаушы күші – жастар, сондықтан бүгінгі жас буынға көбірек мүмкіндік беру болашаққа биік баспалдақ болары анық. Оларға референдумның мәні мен маңызын, науқанның олардың ертеңіне тигізер үлесін түсіндіру үшін делегаттар аудан жастарымен жүздесті. Кездесу бары­сында қол добынан ауданның аға жаттықтырушысы, аймақ гандболына үлкен үлес қосып жүрген Құнанбай Салыбеков өз ұсынысын айтты.

Ол гандболдан ұлттық құрама сапында өнер көрсетуге тәрбиелеген Келінтөбе ауылына салынатын спорт кешенінің құрылысы басталса деген өтінішін арқалай келіпті. Сол секілді, арыз-шағымын арқалаған жаңаауылдық жұрт Балайым Туғанбайқызына қорда­ланған мәселелерін жеткізді.
Жаяу жүргіншілер жолы, асфальт, жарық пен аяқ су, балалар алаңы және ескірген №56 мектептің ғимаратын қайта қалпына келтіріп спорт мектебі салынса деген тілектері бар.

– Биыл аудан әкімі кентте 9 балалар алаңы мен шағын алаңдарға қаржы бөлуге жұмыс жасауда. Оның ішінде осы аумақ та бар, сондықтан орнын белгілеп, ертең күтіп-баптайтын қарауылын осы бастан сайлап алыңыздар. Бұйырса, биылдан қалдырмауға тырысамыз. – деді Дархан Есалыұлы.

Іс-сапар соңы Қожакент ауылында­ғы «Нұрбол И» шаруа қожалығының жұмысын көрумен түйінделді. Иә, маң­ызды науқанға 3 апта уақыт қалды, дайындық пен түсіндірме жұмысы жыл­дамдатылып, елге дұрыс ақпар беру ісі ілгеріленді. Енді бір ғана бағыт бар, ел болып ертеңгі заңымызды мықты, әрі нақты жүйелеп алу. Ендеше, уақытында жұмыла біріксек болғаны...

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
14 мамыр 2022 ж. 359 0