Қызылорда облысының әкімі Тағзым алаңында гүл шоғын қою рәсіміне қатысты
Сыр елінде Жеңістің 78 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты салтанатты іс-шара өтті.
Тағзым алаңында майдангерлердің ерлігін еске алатын ескі әуендерден шағын топтамасы мен Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің үрмелі аспаптар оркестрінің концерті ұйымдастырылды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақ тұрғындарын мерекемен құттықтап, Жеңіс қаһармандарының ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын жеткізді.

«Ардақты ардагердер, бүгінгі бейбіт өміріміз бен тыныш тіршілігіміз үшін өздеріңізге кейінгі ұрпақ атынан мың мәрте алғыс айтамыз. Сіздер сияқты жеңімпаз жауынгерлер ұрпағы, достық пен ауызбіршілікті ту еткен аға буынның жалғасы екенімізді әрдайым мақтан етеміз. Мемлекет басшысы, Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай: «Аға буынның теңдессіз ерлігін құрметтеп, зұлмат соғыстың зардаптарын ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз!». Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгі ұмытылмас парағы болып қала бермек», – деді аймақ басшысы.