Топ-баннер

№13 (8927) 17

17 ақпан 2026 ж.

№12 (8926) 14

14 ақпан 2026 ж.

№11 (8925) 10

10 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » АЗЫҚ - ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ӨЗЕКТІ

АЗЫҚ - ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ӨЗЕКТІ


Бүгін аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов әлеуметтік маңызы бар азық - түліктер бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылатын жұмыстар барысын нақтылау мақсатында аудан орталығындағы "Нұр" базарының жанында орналасқан "Заңғар", "Береке" сауда үйлерін аралап, кәсіпкерлермен пікір алмасты.

Аудан әкімі облыстық "Байқоңыр" әлеуметтік кәсіпкерлер коорпарациясы акционерлік қоғамы арқылы берілетін қайтарымды пайызсыз қаржының тиімді пайдалану жолдарын кәсіпкерлерге ұсыныс ретінде айтып, жобаға қатысуға шақырды.

Жобаға қатысушы кәсіпкерлер өз дүкендерінде әлеуметтік сөрелерді кеңейтіп, әлеуметтік маңызы бар азық - түліктердің көлемін тұтынушылар сұранысына сай қауқарлығын арттыруы тиіс. Кәсіпкерлердің пікірінше, тұтынушылар неғұрлым сапаға қарай ұмтылып, сөредегі бағасы жоғары азық-түліктерді сатып алуға бейім келетіндігін жасырмады.
10 мамыр 2022 ж. 513 0