№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бірінші сыныпқа баруға 180 мыңнан астам өтініш түскен

Бірінші сыныпқа баруға 180 мыңнан астам өтініш түскен


Биылғы оқу жылында бірінші сыныпқа баруға өтініш білдіргендердің саны 180 мыңнан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
Еске сала кетейік, азаматтарға ыңғайлы болуы үшін балаларды мектепке қабылдау қызметі автоматтандырылған. Бұл жұмыс egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды 1 сәуірде бастап, 1 тамызға дейін тапсыруға болады.
«Біз азаматтарға көрсетілетін барлық қызметті автоматтандыруға баса назар аударамыз. ҰБТ, барлық деңгейдегі олимпиада электронды форматқа көшірілді. Мұның көптеген артықшылығы бар, ең бастысы - барлық процестің ашықтығы. Біз ашықтықты және азаматтарға қолайлы жағдай жасауды қолдаймыз. Құжаттарды қабылдаудың бірінші күнінің өзінде egov.kz порталы арқылы 10 мыңнан астам электронды өтініш келіп түсті. Мұндай сандар ҚР БҒМ-нің цифрлық мемлекеттік қызметтері азаматтар арасында танымал екендігін көрсетеді», дейді Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясов.
Айта кетейік, 1-сыныпқа балаларды қабылдау ата-анасының немесе білім алушының заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады. Сондай-ақ мынадай құжаттар қажет: баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 026/у-3 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат; 065/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат және оқушының өлшемі 3х4 болатын екі фотосуреті (оқуға қабылдаудың Үлгілік қағидаларында ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес балаларды мектепке қабылдау тәртібі айқындалған).
03 мамыр 2022 ж. 378 0