№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАЙТЫС БОЛУ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ФАКТ АНЫҚТАЛАДЫ

ҚАЙТЫС БОЛУ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ФАКТ АНЫҚТАЛАДЫ



Жаңақорған аудандық сотына арыз беруші И., адамның қайтыс болуы жайлы заңдық маңызы бар фактіні анықтау жайлы арызбен жүгінген.

Іс құжаттарында анықталғандай, «Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» КММ-ні 2021 жылғы 7 қараша мен 2021 жылғы 13 желтоқсан аралығында арыз берушінің жұбайының қайтыс болу туралы акт жазбасының тіркелмегендігін, оның қайтыс болғанын дәлелдейтін белгіленген нысандағы дәрігерлік қайтыс болуы туралы куәлік немесе сот шешімі болмағандықтан қайтыс болуын АХАТ бөлімінде тіркеу мүмкіндігі болмайтындығын хабарлап, қайтыс болуды тіркеуден бас тартқан.

Арыз беруші И., жұбайының К-нің үйінде өздігінен ауырып қайтыс болғанын, сот шешімі негізінде қайтыс болу туралы куәлік алу қажеттігін негіздеп, сотқа жүгінген.

Сонымен қатар, куәлер арыз берушінің жұбайының үйінде өздігінен ауырып қайтыс болғанын көрсетті.

Қазақстан Республикасы АПК-нің 305 бабының 2 бөлігінің 8 тармағында «соттың азаматтық хал актілерін жазу органдары қайтыс болуды тіркеуден бас тартқан жағдайда, адамның белгілі бір уақытта белгілі бір мән-жайларда қайтыс болуы фактісі туралы істерді қарайтындығы» көрсетілген.

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік кодексінің 292 бабында, сот арыз берушінің заңдық маңызы бар фактілерді куәландыратын тиісті құжаттары өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған кезде не жоғалған құжаттарды қалпына келтірілуі мүмкін болмаған кезде ғана осы фактілерді анықтайтындығы көрсетілген.

Аудандық соттың шешімімен арыз беруші И-дің арызы қанағаттандырылып, аталған азаматтың қайтыс болу фактісі анықталды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
08 ақпан 2022 ж. 399 0