» » ҚАЙТЫС БОЛУ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ФАКТ АНЫҚТАЛДЫ

ҚАЙТЫС БОЛУ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ФАКТ АНЫҚТАЛДЫ

Жаңақорған аудандық сотына арыз беруші У., адамның қайтыс болуы жайлы заңдық маңызы бар фактіні анықтау жайлы арызбен жүгінген.
Іс құжаттарында анықталғандай, арыз беруші У. арызында жұбайы И. Жаңақорған кентінде өзінің үйінде өздігінен ауырып қайтыс болғанын, оның қайтыс болғандығы жөнінде дәрігерлік анықтама алынбағанын, сол себепті АХАТ бөлімі оның қайтыс болғандығын тіркемегендігін, АПБ-нің қызметкерлері қылмыс белгісі жоқ екендігі туралы анықтама бергенін, сондықтан жұбайының 2021 жылы 5 қазанда қайтыс болу фактісін анықтап беруді сұраған және бұл фактіні анықтау қайтыс болу туралы куәлік алу үшін қажет екендігін көрсеткен.
Куәлер сот отырысында арыз беруші У-дың жұбайының өзінің үйінде өздігінен ауырып қайтыс болғанын және оны жерлегенін растайтындарын көрсеткен.
Қазақстан Республикасы АПК-нің 305 бабының 2 бөлігінің 8 тармағында «соттың азаматтық хал актілерін жазу органдары қайтыс болуды тіркеуден бас тартқан жағдайда, адамның белгілі бір уақытта белгілі бір мән-
жайларда қайтыс болуы фактісі туралы істерді қарайтындығы» белгіленген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 292- бабында, сот арыз берушінің заңдық маңызы бар фактілерді куәландыратын тиісті құжаттары өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған кезде не жоғалған құжаттарды қалпына келтірілуі мүмкін болмаған кезде ғана осы фактілерді анықтайтындығы көрсетілген.
Аудандық соттың шешімімен арыз беруші У-дың арызы қанағаттандырылып, оның жұбайы И. қайтыс болу фактісі анықталды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
27 қазан 2021 ж. 484 0