№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТ

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТ

Әрбір жұмыр басты пенде саналы ғұмырында еліне елеулі қызмет атқарса борышын орындағаны. Ал, өз саласында оза шығып дараланса, нұр үстіне нұр болады.
Ежелден белгілі, тыныштық орын алған жерде береке, бірлік болады. Шындығында, тыныштықтың жаршысы, бірліктің алтын қазығы билер.
Би деген сөзді естісек, тапқырлықтан тамыр тартқан, жат пен жақынды бөлмейтін, заңсыздыққа көнбейтін, әр сөзімен әділдікке өрлейтін адам көз алдымызға келеді.
Өзегі өткен ғасырлардан нәр алып тұрған өміршең жол осы күні де жалғасын тауып жатыр. Қазір тәуелсіз елдің төрелігі Ата заңға негізделіп, бидің орнын судьялар алмастырды.
Бүгінде түрлі марапат биігінен көрініп, көпке сыйлы болуы мамандығын жақсы көріп, жолдағы қиындықтарды жеңіп, Ата заңның шеңберінен шықпай, адалдықты ту еткенінің жемісі. Сот саласының қиындығын бағамдау да оңайға соқпайды.
Шындықтың шеңберінен шықпай, билердің ізін жалғастырып, заңсыздықтың жолын бөгеп, еселі еңбегінің жемісін көріп отырған жандардың қуанышына ортақтасамыз.
Сөзімізге арқау болып отырған, марапат биігінен көрініп, сот жүйесінің дамуына қосқан үлестері үшін Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Әлия Бердібекқызы Түбекбаева «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Өткен іс-шарада Қызылорда облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Адилхады Шигамбаев құттықтау сөз сөйлеп, барлық жиынға қатысушыларға еңбектері мен ел тәуелсіздігін нығайтуға қосқан тікелей үлестері үшін алғыс айтып, дипломдар мен медальдарды салтанатты түрде табыс етті.
Өз өмірін сот саласының жұмысына арнаған Әлия Бердібекқызы білімді ғана емес, өз ісінің кәсіби білгірі. Сондықтан да осы уақыт аралығындағы еткен еңбегі елеусіз қалған жоқ. Мерейлі мемлекеттік марапат өз иесін тауып отыр.
Аудандық сот ұжымы марапат иесін шын жүректен құттықтай отырып, ел игілігі жолындағы қызметіне абырой, табыс тілейді.
Ақпарат:Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
15 желтоқсан 2021 ж. 238 0