Алтын күзі арайланған айшықты аудан

Аудандық мәдениет үйінің өнер ұжымының әдемі прологымен басталған "Алтын күз-2019" мерекесі "Алтын күзі арайлаған айшықты аудан" атты тақырыпта өрбіді. Молшылық меркесі облыс әкімінің құттықтау сөзімен ашылды.
– Күз ала жаздай еңбек еткен күннің жемісін көретін мезгіл.Қамбамыз дәнге, қорамыз малға толып, төккен терімізгекөңіліміз толып бір марқайатын кез. Соңғы кездері Сыр еңбеккерлері дәнді дақыл жинаудан үздік көрсеткішке ие. Биыл да диқандарымыз былтырғы рекордтарын қайта жаңартып ел қамбасына 530 030 тонна дәнді дақыл құйды. Соның ішінде Жаңақорған ауданы соңғы үш жылда үздіктер қатарынан түскен емес. Осы биіктікті бағындыра беріңіздер, мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, – деп ыстық лебізін жеткізді аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов.
Құттықтау сөзден кейін аграрлы саланың үздік мамандары мен шарауақожалық төрағалары марапат биігінен көрінді. Айта кетеіні осы айтулы мерекеде "жпаңақорған тынысы" газетінің фототілшісі Жасұлан Сейдеметов "Үздік тілші" номинациясымен марапатталды.
Лаура БИБАСАРОВА