Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Ашық есік күні өтті»

«Ашық есік күні өтті»


Жаңақорған аудандық сотында 2020 жылдың 28 ақпан күні сағат 16.00. – 18.00. аралығында халыққа құқықтық көмек көрсету, Заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру және азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін көтеру мақсатында Ашық есік күні өткізілді.
Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Ә.Б.Түбекбаева, аудандық пробация қызмет бөлімінің бастығының міндетін атқарушы А.Искаков пен аталған бөлім инспекторлары А.Мұратбаев, Е.Қанағатов және пробация қызметінде есепте тұрған аудан тұрғындары қатысты.
Шара барысында сот төрағасы Ә.Б.Түбекбаева 2019 жылдың 27 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын түсіндірді.
Төраға Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді орындау мақсатында жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе балаларға қатысты қылмыстарға, сондай-ақ заңсыз аңшылықпен айналысқаны үшін, сондай-ақ алкогольді масаң күйде көлік құралын басқарып, жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстық құқық бұзушылықтарға қолданылатын жазалардың күшейтілгенін атап өтті.
Қазіргі қоғамда кеңінен белең алған мал ұрлығы үшін Қылмыстық Кодекске арнайы бап енгізіліп, белгіленетін жаза түрінің қатаңдатылғанына тоқталды.
Пробациялық бақылауда жүрген азаматтардың жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату, шартты түрде соттаудың күшін жойып, соттылығын алып тастау, рақымшылық жасауға байланысты туындаған сұрақтарына жауап берді.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
28 ақпан 2020 ж. 727 0