№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ұлттық мәдениет – рухани тірек

Ұлттық мәдениет – рухани тірек


Отыз жылдың белесінен белі бүгілмей, ауыртпалықтарды жеңіп, еңсесін асқақ ұстап, алдыңғы қатарлы елдердің санатынан таныла білген қазақ еліне өзінің жүрекжарды үндеуін жолдааған Елбасының Қазақстанның бағдар-болашағын айқындайтын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығымен танысыса отырып, ұстаз ретінде ұлт Көшбасшысының тұтас ел алдына қойып отырған міндет-талабының мән-мағынасына қаншаалықты жауапты екенімізді айқын сезінгендей болдым.

Болашақ бір күнде жасалмайды. Келешек ұлттың сапалы құрамын қалыптастыруда жас ұрпақты тәр­биелеп жатқан ұстаздар ұжымына артылар міндет бұрынғыдан да салмақты, бұрынғыдан да күрделі. Өйткені заман күн сайын жаңаруда. Технократиялық қоғамның тұтқасына ие болатын бүгінгі толқынды жаңаша сапалы біліммен қаруландыруда қажырлы еңбектену аз, заманауи бі­ліммен толыққанды жетілген, халық­аралық білім стандарттарына жауап беретін жан-жақты зияткерлік қажет. Мұндай білім стандартына қол жеткізуде қала мектептерін былай қойғанда, елдімекендердегі білім ошақтарында да жағдай жеткілікті. Қашықтан оқыту моделінің мүмкіндігі қай мемлекетпен болсын прогрессивті білім алмасу сатыларына негіз қалап берді.
Мәдениеттің қайнар көзі – білім­де десек, мектеп қабырғасында толыққанды рухани тәрбиеге су­сындап өскен ұрпақ салмақты ұстаным мен ұлағаттың егесі болары анық.
Бұл жөнінде Елбасы: «Қазіргі таңда жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін бірегей ұлттық мінез, асқақ рух керек. мұндай қасиеттер тарихты білу, мәдени құндылықтарды тану арқылы қалыптасады. Өркениетті ел қатарына қосылған мемлекетімізде материалдық құндылықтармен қатар рухани байлықтың орны айрықша. Өзге халықты өнер құдіретімен мой­ындата аламыз. Сол үшін мәдениетті зерделеу аса қажет» деді.
Ширек ғасырға жуық ұстаздық еңбек өтілімде шәкірттерімнің ең алдымен  ана тілінің мәйегіне мейір қандырып, халық ауыз әдебиетінің тұнық қайнарынан еркін сусындауына бар қажыр-қайратымды арнап келемін. Сөз өнері – өнердің құдіреті. Ана тілдің киесін бойына сіңіріп, түп тамырын түйсініп өскен ұрпақ ұлтын сүйіп өседі, бабалар аманатын көкірекке түйіп өседі. Кішкентайынан халықтың ауыз әдебиетін тыңдап, батырлар жырын жаттап өскен ұлан Отанын сүйетін, оны бөтеннің сұғынан көздің қарашығындай сақтайтын адал ұрпақ болып ержетеді. Кешегі бабаларымыз сол атамекеннің амандығы, «қара қазан, сары бала қамы» үшін атқа қонып, атойлап жауға қарсы шапқан жоқ па? Тарихты ұлықтау арқылы  табиғатымызды тауып, рухымызбен қайта қауышарымыз хақ. Ал туған тілді жетік біліп, мәйегінен нәр алмағанның тарихқа тісі батпайды, түйсігі де қабылдамайды. Сондықтан Елбасы айтқан шынайы мәдениетті меңгерудің кілті – алдымен ана тілінің – қадір-қасиетінде, содан соң тарихын терең білген ұрпақ тектіліктің үлгісін танытса керек. Оны биік руханиятпен ұштастырғанда мықты мемлекеттіктің үш тағаны орнында нық тұрмақ.
Махаббат Мадалиева,
№51 мектептің қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі
05 желтоқсан 2021 ж. 303 0