№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Ұтымды шешім


Көп векторлы саясатты ұстанып, мәмлегер ұстанымымен жүріп келе жатқан біздің елде эволюциялық өзгерістер орын алуда. Бүгінгі қым-қиғашы көп заманда осындай ойланып жасалған, салмақты қадамдар мемлекеттік мұратты биікке шыңдай түседі. Мұны неге айтып отырмын? Сарабдал саясаткер, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев халық мүддесін жоғары қоятындығына кезекті рет мойындатып, бас партияны басқаруды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыру туралы шешім қабылдады.


Елдің әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени тұрғыда орнықты дамып, әлемдік өркениет көшінде өзінің орнын айқындауда тұлғалардың тарихи шешімі маңызды рөл атқарады. Бұған тарихтың өзі куә. Сондай шешімді партияның Саяси кеңесінде айтылды.
Енді Мемлекет басшысы партиядан жасақталған Үкіметтің әрбір мүшесіне жоғары талап қойып, сапалы атқарылуын бақылап, мемлекеттік басқару жүйесінде оңтайландырады.
Ендігі уақытта Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» қағидасын басшылыққа алып, Тәуелсіздік тұғырлы етуде бар күш-жігерімізді салатын боламыз. Олар: Тәуелсіздікті басты құндылық ету, бірлік пен келісімді тұғыр ету, туған жердің әрбір бөлшегін ата-баба мұрасы, халық қазынасы ретінде қарау, отбасы құндылықтарын дәріптеп, салт-дәстүрді жаңғырту, ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі екенін басшылыққа алып, білім мен еңбекті қуатты қару ету маңызды.
Міне, Тұңғыш Президент осындай елдіктің жеті тұғырын бәсекеге қабілетті болу жолында қалқан етуді аманаттап отыр. Біз осы бағытты ұстануда ерік-жігеріміз бен білік-білімімізді көрсетуіміз тиіс тіміз.

Мақсат ҚҰЛМЫРЗАЕВ,
Жастар ресурстық орталығының маманы
27 қараша 2021 ж. 464 0