№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ОТБАСЫ-КИЕЛІ ШАҢЫРАҚ

ОТБАСЫ-КИЕЛІ ШАҢЫРАҚ


Халқымызда «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген нақыл сөз бар.
Сот өндірісінде қаралатын некені бұзу санатындағы әрбір азаматтық істі қараған сайын осы халық даналығы еріксіз есіңе түседі.
Жастарымыздың жастықтың жалынымен бір-бірін ұнатып, одан кейін бірін-бірі дұрыс танымай жатып, үйленіп, бас қосуға асығатыны жасырын емес. Олар үшін ол кезде бірге болса алынбайтын қамал жоқтай көрінеді.
Алайда шынайы отбасылық өмірде бір-бірімен мінездері сәйкес келмей, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайтынын білсе де кездескен қиындықтарды бірге еңсеруге тырыспай, ажырасу үшін сотқа жүгінуге асығады.
Ал еліміздің Неке және Отбасы (ерлі-зайыптылық) туралы Кодексінде неке бұзу санатындағы істердің талап арыз сотқа түскеннен кейін бір айдан кейін ғана қаралатыны белгіленген.
Мұнан бөлек сот ерлі-зайыптыларды татуластыру үшін шаралар қолданып, оларға алты айға дейінгі мерзімге татуласу мерзімін белгілеп, істің қаралуын кейінге қалдыруға құқылы.
Бұл мемлекет тарапынан отбасын, некені сақтауға, әке мен ана, баланың құқығын қорғауға бағытталған шара екені белгілі.
Бір қызығы, сотқа некені бұзу туралы арыз түскен соң екінші жұбайды шақырып, талап арызды таныстырған уақытта көп жағдайда олардың отбасын сақтауға немқұрайлық танытып, ажырасуға бірден келісе кететінінде.
Осы кезде судья тараптарға отбасы құндылықтары, кәмелетке толмаған балалардың келешегі жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, араздасқан ерлі-зайыптыларды татуластыруға барынша шара көреді.
Оларға татуласу үшін мерзім белгілеп, істің қаралуын кейінге қалдырады.
Осындай жүргізілген татуластыру рәсімдерінің нәтижесінде бүгін аудандық сотта қаралған азаматтық істер бойынша екі отбасы сақталып, істер тоқтатылды.
Бірінші жұптың отасқанына 17 жыл болған екен. Ортақ некеден алтын асықтай бес бала өмірге келген.
Талап қоюшы жұбайдың отағасына қоятын талап-тілегі де жоқ. Ол ата-енесімен тіл табыса алмай үйіне ренжіп кетіп қалған екен. Соған жұбайын кінәлайды.
Сотпен ерлі-зайыптыларға татуласу үшін мерзім белгіленіп, істің қаралуы кейінге қалдырылды.
Белгіленген мерзімде тараптар медиатордың жәрдемдесуімен өзара татуласып, отбасын сақтап қалды.
Ал екінші іс бойынша ерлі-зайыптылар сегіз жыл отасқаннан соң жұбайы ажырасуға бел буған. Ол күйеуінің ішімдік ішіп, өзіне қол жұмсайтынын алға тартқан.
Жауапкер талап арызды мойындап, отбасын сақтап қалғысы келетінін, келешек ішімдік ішпей, жанұяда жанжал шығармайтынын көрсетіп, татуласуға ниет білдірді.
Олардың отбасын сақтап қалу мақсатында сотпен тараптарға екі ай татуласу үшін мерзім белгіленді.
Аталған мерзім өткен соң тараптар медиаторға жүгіну арқылы өзара татуласқандарын, отбасын сақтап қалғысы келетінін көрсетіп, істі тоқтатуды сұрады.
Сот ұйғарымымен бұл іс бойынша да тараптардың татуласуына байланысты іс жүргізу тоқтатылды. Сонымен, бір күнде екі отбасы сақталып, сегіз бала толыққанды отбасында тәрбиеленуге мүмкіндік алды.
Отбасы – киелі шаңырақ десек, әр отбасы өз шаңырағының түтіні түзу ұшқанын қалайды. Шаңырақтағы ошақтың оты өшпеу үшін отбасы мүшелерінің бір-біріне деген жылы сөзі, ыстық махаббаты, жарасымдылығы мен сыйласымдылығы берік болу керек. Ал бұл қасиеттердің барлығы біздің жұдырықтай жылы жүрегімізде орналасқан.
06 қазан 2021 ж. 681 0