«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жаңа бағыт-бағдар берді

Жаңа бағыт-бағдар берді


Әлем халқын алаңдатып отырған «
COVID-19» коронавирус індеті біздің елімізді де біраз әбігерге салуда. Біз пандемия кезінде аса ауыр күндерді басымыздан өткіздік және әлі де осы індетпен жан-жақты күресудеміз. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауын экран алдында отырып мұқият тыңдадым және халықтың көкейінде жүрген көптеген түйткіл мәселелердің барлығы дерлік осы Жолдауда қамтылғандығына, оларды шешу жолдарының айтылғанына, жаңа бастамалардың іске асатындығына шынында қатты қуандым.
Өйткені, еліміздің болашағы бәрі­міз­ді де алаңдатады. Президентіміз Жол­даудың бағыттарына кіріспей тұрып әңгімесін пандемиямен күрес шаралары кезіндегі атқарылған іс-шаралардан бастады, яғни еліміздің пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму мәселесіне айрықша тоқталып өтті. Кешегі пандемия кезінде мемлекет азаматтарға және кәсіпкерлерге қар­жылай үлкен қолдау көрсетті, оны бәріміз де жақсы білеміз. Десе де, бүгінгі ахуалдың әлі де күрделі екендігін айта келе, еліміздің қиындықтардан қиналмай шығуы үшін дәл қазіргі уақытта аса қажетті «Қарапайым заттар экономикасы» мен «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға дейін ұзартты. Бірінші кезекте, мемлекеттік шығыстардың ауқымын және оның тиімді жұмсалуын бақылауда ұстау қажет екендігіне баса назар аударуды тапсырды. Осы Жолдауда алдағы жылдары атқа­рылар көптеген мәселелерді тілге тиек етті. Соның ішінде, «Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру» тарауында коронавирус індеті денсау­лық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болғанын айта келе, Қазақстан – коронавирусқа қарсы тиімді әрі қауіпсіз вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттердің бірі екендігін де айтты. Сондай-ақ, ел Президенті еліміздің барлық өңірлерінде жүргізіліп жатқан жаппай екпе салу жұмыстарына қоғамда вакцинаға қарсы керағар пікірде жүрген азаматтар бар екендігіне тоқтала келе, «мұндай адамдар өзінің ғана емес, өзгенің өмірі үшін де жауап беретінін түсінуге тиіс, өйткені екпе салу арқылы ғана қауіпті індеттерге тосқауыл қоя аламыз», – деп атап өтті. Үкіметке, қажеттілігіне қарай зерделеу жұмыстарын жүргізіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген вакциналарды тездетіп сатып алуды ұсынды. Қажеттілігін де айтты. Осы ретте, еліміздің биологиялық қауіп­сіздігін болжаумен айналысатын Ұлттық жүйе құру қажет екендігіне баса назар аударуды және парламентке тездетіп осы шараларды іске асыруға қажетті заң қабылдауды тапсырды. Медициналық сараптама жасайтын зерт­ханаларымызды халықаралық стан­дарттарға сәйкестендіру бағытында да жедел шаралар қабылдауды және «Дені сау ұлт» жобасы бой­ынша кемінде 12 зертхананы жоғары технологиялық құралдармен жабдықтауды міндеттеді. Осының бәрін алға тарта келе, коронавирусқа қатысы жоқ ауруларға байланысты ахуалды да нашарлатып алмауды атап өтті. Сондай-ақ медицина саласына инфрақұрылымға, маман даярлауға және халықты дәрі-дәрмекпен қамта­масыз етуге қомақты қаржы құю керектігіне, соның ішінде фармацевтика өнеркәсібіне ерекше көңіл бөлу қажеттілігін баса айтты. Жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықты жандандыра оты­рып, инвесторлар тартып, озық техно­логияны және осы саладағы жаңа зерттеу жұмыстарын шұғыл түрде игеруді қолға алуды, отандық дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтардың көлемін 2025 жылға қарай 50 пайызға жеткізуді тапсырды. Шынында, кешегі панде­миямен күрес шаралары кезінде көптеген қиын­дықтар туындады. Сон­дықтан, Ел Президенті Қ.Тоқаевтың алдымызда тұрған үлкен сынақтардан сүрінбей өтуіміз үшін Үкімет алдына қойып отырған міндеттемелерді іске асыруға ел болып атсалысуымыз қажет, әрбір қазақстандық лайықты үлес қосуы тиіс. Жолдаудың «Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» деп аталатын бөлімінде Қазақстанның жаңа дәуірге қадам басқанын және қоғамдық өмірдің барлық саласы түбегейлі өзгеріп жатқандығын айта келе, алдағы бағдарымызды бекемдеп, болашаққа көзқарасымызды айқындай түсуіміз қажет екендігін баса айтты. Осы орайда, «ел бірлігі - ең қымбат құндылығымыз» екендігін естен шығармай, этносаралық қатынастардың үйлесімді дамуы Қазақ­станның мемлекеттік саяса­ты­ның бас­ты бағытының бірі болып қала беретіндігін тағы да атап өтті. Сөзінің соңында, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру, ел экономикасын жоғары деңгейге көтеру бағытында осы Жолдауда ұсынылған жаңа бас­тамаларды жүзеге асыруды тапсырды. Біздер, аға буын өкілдері, Ел Пре­зидентінің Жолдауда айтқан жаңа бастамаларын толық қолдаймыз және олардың іске асуы үшін қолымыздан келгенше көмек көрсететін боламыз. Мемлекетіміздің ертеңі жарқын болып, бақытты болашақ орнату жолында ел болып жұмыла еңбек ете берейік!  
Талғатбек АБЛАЕВ,
аудандық денсаулық
сақтау саласы
ардагерлерінің бастауыш ұйымының төрағасы,
ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі
16 қазан 2021 ж. 313 0