№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ел дамуына жаңа бағдар берді

Ел дамуына жаңа бағдар берді

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы ел дамуының алдағы кезеңіне жаңа бағыт-бағдар берді. Президент осынау маңызды құжатта өте өзекті мәселелерге тоқталып, нақты талап қойды. Әсіресе, әлеуметтің әлеуметтік жағдайын көтеруге басымдық берді.
Енді Мемлекет басшысының тап­сырмасын жауапты сала басшылары мен әкімдер нақты іс-шаралар жоспарын түзіп, жүзеге асыруы тиіс деп санаймын. Ал қарапайым халық, ел азаматтары осы тапсырмалардың орындалу барысын бақылауы керек. Бұл тұста біздер – азаматтық қоғам өкілдері де атсалысамыз.
Әсіресе, бағаның қымбаттауымен күресу маңызды. Бұл бағыттағы нақты іс-әрекеттің бірі – ең төменгі жалақы мөлшерін ұлғайту да сеп болады деп сенеміз. Оған қоса шағын және орта кәсіпкерлікке көрсетілер қолдау да маңызды. Себебі, ел әл-ауқаты негізінен осы кәсіпкерлікпен тығыз байланысты.
Кәсіпкерлік дамыса, жұмысы жүй­еге қойылса халықтың әл-ауқаты да біршама жақсарады. Әсіресе, пандемия ахуалы іскер азаматтарға қиын тиюде. Дегенмен, бір елдің ғана емес, бүкіл адамзаттың басына төнген нәубеттің беті қайтып, жақсы күндер де келер деген үміт жоғалмауы тиіс.
Бизнес бастамаларды қолдап, ниетті азаматтарға бағыт беріп жүрген маман ретінде айтарым, бізге инновациялық жобаларға басымдық беру жағы кемшін. Әсіресе жастар табысты бизнес идеяларды ұстанса. Біз бұл бағытта ақыл-кеңес беруге дайынбыз.
Яғни, креативті, перспективалы, инновациялық бизнес түрін дамыту арқылы бәсекеге қабілеттілікті шың­даймыз. Міне, Президенттің Жол­дауынан осыны ұқтым.
Нұрхан АЙДАРОВ,
«Атамекен» ҰКП Жаңақорған аудандық филиалының
«Бастау Бизнес» жобасының үйлестірушісі
10 қазан 2021 ж. 303 0