№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бесік жыры – тәлімнің көзі

Бесік жыры – тәлімнің көзі


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізінде ұмыт қалған дәстүрлерді жаңғыртып, тарихи жадыны танып,   мәдени мұраларды зерделеп ұлттық кодтың кілтін табу. Бұл ретте, тұрмыстық салт-дәстүрлерді бағдарлайтын болсақ, бесік жырының маңызын түсінеміз.
Ұрпақ тәрбесі бесік жырынан бастау алады. Бесік – ұрпақ ұясы. Құрсаққа бала біткеннен түрлі ырым-тыйым, салт-дәстүр жоралғылары басталады. Ал, сәби дүниеге келген соң «Тәрбие тал бесіктен» деп, бесікте тәрбие нәрін сіңірген. Бесіктің ұрпақ үшінпайдасы ұшан-теңіз. Тән тазалығы, тәртіпке қалыптасуы, ұйқының қалыпты болуы бала зердесінің дамуына ықпал етсе,ал, «бесік жыры» сәбидің сергек те сезімтал болып қалыптасуына әсер етеді. «Әлди, әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем» деп басталып, әрі қарай жыр шумақтары әр заманға сай өзгеріп, жаңарып отырады. Бесік жырын  тыңдаған баланың бойына ұлттық қасиет дариды. Бесік жырының толып жатқан түрі бар. Сәбиінің аман өсуінен бастап, болашақ өміріне деген тілегі, сенімі, ниеті әдемі әнге шумақ болып өріліп, анасының айтуымен балаға жетеді.
Кеңестік отарлау жүйесі құнды­лықтарды құлдыратып, тіпті, кейбірін ұмыт қалдырды. Міне, осы кезеңде әлдиімізден де қол үзіп, оны жастарға – «теріс ғұрып» деп ұғындырды. Сол  Кеңес кезеңінің жастары қазіргі әжелеріміз бен аталарымыз. Көпке топырақ шашудан аулақпыз. Бірақ, күнделікті көріп, көзіміз жетіп жүрген дүние – бесік жырын айтатын ана да, әже де аз. Қазіргі күні ата-бабасы аман жатқан бесікті зиян дейтіндер шыққалы қашан. Батыр Бауыржан Момышұлы бір сөзінде: «Бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын…» деген екен.
Расымен, бесік қозғалысына сай әуенмен айтылатын бесік жырын гаджеттегі даңғаза музыкаға ауыс­тырып жібердік. Бұлай жалғаса берсе көп ұзамай бесікті тек музейден көріп, бесік жырын архаизмдердің арасынан ғана тауып оқитынымыз анық. Баукең қорыққан заман енді келген сияқты. Қазіргі кездегі ЛГБТ сияқты ұйымдардың шығуы, яғни, ұлдың – қызға, қыздың – ұлға айналуы бала кезден, бесіктен алатын тәрбиенің жоқтығы. Cебебі әр ана әлдиінде баласының болашағына үміт артып, батырға, ел қорғайтын азамат болуына тілекші екенін көрсетеді. Ал, әжелеріміз халықтың түрлі эпостық жырын, ертегісін қызықтыра әңгімелеп, сондай тұлға болуға баулиды.  Осыны бойына сіңірген жас бала батырлыққа, өрлікке ұмтылып, рухты болып өседі. Ал қыздарымыз ел анасы болған аруларға еліктеп өседі.
«Ел  болам  десең,бесігіңді  түзе!»  деп өнеге қалдырған қазақ ғұрпына қалай бас имейсің?  Ананың сүтімен, ананың әуенімен баланың бойында адамдық, адалдық қасиеті сіңеді. Ал мәнсіз, мағынасыз телеофоннан қо­сылған «бәлду-бәлдуден», ана сүтін емес Nestogen ішкендерден ата-анасын сыртқа тастайтын безбүйректер шығады. Cондықтан бесік те, бесік жыры да ұмытылмауы керек. Кер­сінше, қазақтың ғасырлар бойы жинап қалдырған құндылықтарынан «жармаса ұстау» маңызды. Сонда ғана жаһандану ілметінде  жұтылып кетпей, жаңғыруға жол ашамыз.
Рауза ӘЗІЛХАН
10 қазан 2021 ж. 396 0