№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Бесік жырының пайдасы

Бесік жырының пайдасы


Нәресте екі-үш айға дейін ақпаратты тек құлақпен алады. Сондықтан, бесік жанында әңгімелесуге, музыка қоюға болмайды. Себебі, бала жаманды- жақсылы эмоцияның бәрін миына жинақтай береді.
Бұл жайында американдық биологтар L.Dj. Milk пен M.Milk мынадай тәжербие жасаған. Олар бесік жырын тыңдау кезінде бөбектің жүрек қағысын тексереді. Қараса, олардың жүрегі қалыпты, яғни бір минутта 68-72 рет соққан. Әрі бала бойынан эндорфиндер, яки қуаныш гормондары бөлінетіні байқалады. Ал заманауи музыкадан сәбидің жүрегі шамадан тыс қатты соққан. Ұйқысы бұзылып, өзін қорғансыз сезінген. Тіпті, романтикалық әуендер тыңдату да орынсыз.
Ол бөбектің сезім мүшелеріне қатты әсер етіп, шектен тыс дамытып жіберген. Есейгенде маххабатқа тұрақсыз, сезімге жеңілтек келуі осының әсерінен.
Германияның ғалымдары бесік жырының пайдасын басқа бір қырынан ашықтайды. Олардың айтуынша бала бесік жырын тыңдағанда оның ажар-көркіне жауап беретін гормрондар жақсы жетіледі. Анасы әлди айтқанда көңіліндегі көркем идеалдар мен асыл мұраттар, арман-тілектер баланың болсмысына дариды.

Менің балам осы ма?
Басында бақыт құсы ма?
Ғайып ерен, Қырық шілтен,
Бөбегімнің досы ма?
Әлди , әлди, әлди-ай,
Әлди, әлди, әлди-ай !!!

Лә иләһа иллалла,
Иллаллада пайда бар.
Мұхамбеттің үмбеті
Осындай бала қайда бар?
Әлди,әлди,әлди-ай,
Әлди, әлди, әлди-ай !!!

Балам менің Жүсіптей
Болар ма екен келбетті?
Ажарың айдай толсын деп,
Иллалалап тербеттім
Әлди, әлди, әлди-ай,
Әлди, әлди, әлди-ай !!!

Ымыранның ұлы Мұсадай,
Досы болғын Құдайдың.
Қызыр ерсін қасына
Тәңірден соны сұраймын.
Әлди, әлди, әлди-ай,
Әлди, әлди, әлди-ай !!!

Ғайсадай нұр бітімің
Салих болар ма екенсің?
Хақтын жолын таныған
Ариф болар ма екенсің?
Әлди, әлди, әлди-ай,
Әлди, әлди, әлди-ай !!!

Әзіреті Мұхамбет-
Сәруары болған ғаламның
Рахматының тамшысы-
Нұрынан сен жарлдын.
Әлди,әлди,әлди-ай,
Әлди,әлди,әлди-ай!!!

Төрт шадияр-достарың,
Жадыңа тоқы, құлыным.
Нұрланып иман-бостаның.
Жүзіңнен тамсын шырының.
Әлди, әлди, әлди-ай,
Әлди, әлди, әлди-ай !!!

Ғайып ерен, қырық шілтен,
Тоқсан тоғыз мың машайық.
Сексен сегіз серулер,
Әлдилетіп қосайық.
Әлди, әлди, әлди-ай,
Әлди, әлди, әлди-ай !!!

Әлди бөпем, құт бөпем,
Бұл сөзімді ұқ, бөпем.
Лә иллаһа иллала
Көкейіне тұт бөпем
Әлди, әлди, әлди-ай,
Әлди, әлди, әлди-ай !!!

* * *
Құлыншағым, құлыным,
Ұзақ болсын ғұмырың.
Құлағыңа құй бәрін,
Әжеңнің айтқан жырының.
Әлди, әлди, әлди-ай,
Әлди, әлди, әлди-ай !!!

Айналайын, бөбегім,
Аймалаймын,өбемін.
Азмат боп өссін деп,
Ақ бесікке бөледім.
Әлди, әлди, әлди-ай,
Әлди, әлди, әлди-ай !!!

Періштең сені тербетер,
Ботам менің ер жетер,
Еркек тоқты құрмалдық,
Игілік, қайыр елге етер.
Әлди, әлди, әлди-ай,
Әлди, әлди, әлди-ай !!!

Әлдилетіп, тербетіп,
Бір Құданы жыр етіп.
Әжең тыным таппайды,
Өссін деп сен ер жетіп.
Әлди, әлди, әлди-ай,
Әлди, әлди, әлди-ай !!!


"ӘЛДИДЕН ЭПОСҚА ДЕЙІН " кітабынан алынды.
08 қараша 2019 ж. 1 129 0