№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Бесік жырының қасиеті

Бесік жырының қасиеті

1916 жылы психоневрология институтының негізін қалаған академик Владимир Бехтерев «балалардағы невроз ауруының алдын алу үшін, бесік жырын тыңдату керек» деген тұжырымға келеді. Ал, америкалық психолог, трансперсоналды психология ғылымының негізін салушы Станислав Гроф өзінің «Beyond the brain» атты кітабында бесік жырының баланың психотерапевтік аурудан жазылуына бірден бір себеп бола алатынын негізге алады. Мұны психолог Виталий Леутинде қуаттап, бесік жырын тыңдау сәбидің ми қыртыстарындағы нейрондардың дұрыс дамуына түрткі болатынын жазады.


Қазақ аналары сәбиді бесікке салған күннен бастап "Бесік жырын" айтып, перзентінің көкірегі ояу, елін сүйген азамат болып жетілуін тілеп, халық жыр-жауһарларын өрендердің бойына сіңіруге мән берген.
Расында, бесікке сүйеніп отырған ана мейірімі мен ақ сүтімен қатар:
Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Көк ала иттің құйрығын
Жіпке тағып берейін!
Ұста болар ма екенсің?
Не болмаса жұмыскер,
Не өнерлі мініскер,
Саусақтары сүйріктей
Зергер болар ма екенсің?
Не қасқа атты Қамбардай,
Аш қылмайтын аң барда,
Құралайды көзге атар
Мерген болар ма екенсің?
Жақсы болып ержетсе
Балапаны бөпесі,
Бағы ашылып, анасы
Көкке тиер төбесі.
Бақытсыз боп ержетсе,
Бар үміті – қарағы,
Михнат шеккен сорлы ана
Ашпағаны қабағын.
Әлди-әлди, балашын!
Ұйықтатайын тербетіп…
Тілегім сен, құлыным,
Үміт ақта ержетіп! – деп бесік жырын тамылжыта төгіп, ұрпағына рухани азық беруді басшылыққа алған.
Қазақ аналары "Бесік жырын" жубату үшін ғана емес, бесік жасынан перзентінің бойына ұлттық салт-сана мен таным-түсінікті, адамгершілік пен ізгілікті дарытатын тәрбие құралы ретінде бағалы.
Жалпы, ғалымдардың зерттеуінше, бесік жырының сәби денсаулығына тигізетін пайдасы көп. Мәселен,  баланың жүйке жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сәби бойындағы мейірімділік, қайырымдылық, ата-анаға деген махаббатты оятады, дүниетанымдық ізденісін, ғылым-білімге деген ынтасын арттырады.
Осы күні ата-бабаның ғылыми дәлдікпен сәйкесетін салт-дәстүрлеріне таңғаласыз. Бір ғана бесік жырын алсақ, нәресте барлық ақпаратты есту арқылы қабылдайтынын ескерсек, оған бесік жыры арқылы тәрбиенің іргетасы қаланады. Яғни, ұрпақтың тәлімді, саналы, салауатты қалыптасуында бесіктің және бесік жырының орны зор. Әттең, ғасырлар бойы өзінің құндылығы дәлелденген бесік пен бесік жырының қасиетін түсінбей, алыстай бастағанымыз өкінішті-ақ...
Нұр-Кенже.
06 қазан 2019 ж. 1 730 0