№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құтыру ауруынан сақтанайық

Құтыру ауруынан сақтанайық

      Құтыру (лат. rabies) — жүйке жүйесінің ауыр зақымдалуымен сипатталатын және көбінесе өліммен аяқталатын вируыстық ауру.Бұл вирус сау адамға осы вирусты жұқтырған жануарлардың тістеп алуы нәтижесінде жұғады. Құтырған хайуанаттардың: иттің, мысықтың, түлкінің, қасқырдың шакалдың қабуынан немесе тістеуінен пайда болады. Жарқанат және басқа хайуандар да құтыруды таратушы болуы мүмкін.
Құтыру вирусы 60 градус кезінде 10 минут өткенде 100 градустан бірден белсенділігін жоғалтады. Төменгі температураға төзімді болады да, тоңазылтқыш қатырылған мида айлап сақталады. Шіри бастаған материалда 2-3 апта бойы тіршілігін жоймайды. Қолданып жүрген дезинфектанттардың кәдуілігі концентрациясы: 1-2% лизол ерітіндісі, 2-3% сілтілер, формалин және хлорамин вирусты тез арада белсенділігін айырады.
     Құтырықпен барлық жылы қанды үй және жабайы жануарлар, сонымен бірге адам да ауырады. Ит тектестер, сусар тектестер, жарқанат, кемірушілердің көптеген түрлері және үй мысығы аса бейім. Құтырық табиғи ошақты жұқпалы аурулардың қатарына жатады, оның қоздырушысының табиғатта сақталатын қорламасы үй және жабайы ет қоректілер, ал кейбір өлкелерде - жарқанат. Қорламасына байланысты құтырық індетінің табиғи және қалалық түрлері болады. Инфекция қоздырушысының бастауы қалалық індет кезінде иесіз иттер мен мысықтар, ал табиғи індет кезінде жабайы ет қоректі жануарлар.
Вирус денеге түскен соң аз уақыт енген жерінде сақталады да, жүйке талшықтары арқылы орталық жүйке жүйесі бағытында алдымен жұлынға, соңынан миға өтеді. Қоздырушының мидың сұр затында өсіп-өнуі іріңсіз шашыранды энцефалиттің өрбуіне әкеп соғады. Мидан вирус қайтадан орталықтан кері бағытта сілекей бездеріне келіп түседі. Онда жүйке торшалары бүлінген кезде вирус бездің түтігіне өтіп, сілекеймен араласады. Мидан қоздырушы сонымен қатар көздің тор қабаты мен мүйіз қабатына, бүйрек үсті безіне жетеді.
Жасырын кезеңі бірнеше күннен бір жылға дейін, кейде одан да арттыққа созылады. Оның ұзақтығы құтырған жыртқыштың тісінен болған жарақаттың шамасы мен түскен орнына, вирустың мөлшері мен уыттылығына байланысты. Құтырық жіті өтетін ауру,оның ішінде иттің құтыруы жан-жақты зерттелген. Итте құтырық өршіген және бәсең түрде өтеді. "Өршіген құтырықтың" 3 кезеңі болады:біліне бастаған,көтерліген,делдал.
     Біліне бастаған кезең 12 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады, бұл кезде жануардың мінезінің өзгеруі байқалады. Ит көңілсіз немқұрайлы болып, қараңғы бұрышқа немесе үйшігіне тығылады, иесінің шақуруына ықылас білдірмейді. Кей жағдайда иесіне тым еркелеп, қолын бетін жалауға тырысады.Бұл кезде иттің сілекейінде вирус болтаныдықтан, өте сақ болған жөн.
     Көтерілген кезеңі 3-4күн жалғасады және жоғарыда көрсетілген симптомдардың күшеюімен сипатталады. Агрессивтілігі күшейеді,ит себепсіз басқа жануарды немесе адамды,тіпті өз иесін тістеуі мүмкін,темірді,таяқтарды,жерді кеміреді және осындай кезде  тістерін,кейде төменгі жағын сындырады.
     Делдал кезеңі- 1-4 күнге созылады.Төменгі жақ, артқы аяқтары,құйрық бұлшық еттері,қуық пен тік ішегі,содан кейін денесінің және алдыңғы аяғының бұлшық еттері салданады.  Делдал сатысында дене температурасы 40-41 дейін жоғарылайды.
Құтырған жануарды емдемейді, тез арада өлтіреді, өйткені оның адамға ауру жұқтыру қаупі зор.

Белгілері жануарларда бір түрлі күйде болады, кейде сұлық жатады, мазасызданады, ашуланшақ болады, аузы көбіктенеді — ішіп-жей алмайды,жанына жолағанның бәрін қауып, тістеуі мүмкін,хайуан 5 күн 7 күннің аралығында өледі.

Адамдарда тістеген жер ауырып, ысиды,алқынып демалады, түрі жаңа гана жылаған адам сияқты болады,ауырсынып және қиналып жутынады, аузының сілекейі қоюланып, желімдене береді,адамды үрей билейді, ашуланшақ келеді, құтырынып, алас ұрады,өлім алдында талма ұстап, дене құрысып сал болып қалады.

            Егер кез келген жануардан жарақат алған жағдайда жануарды байлап ветеринарлық мамандарға уақытылы хабарлап  он күн сыртқа шығармай оқшаулап бақылауға алу керек,бірінші көмек тістеген жерді сабынмен, сумен және сутегі  тотығымен (перекисьпен) жақсылап тазартыңыз, жараны жаппай, ашық қалдырыңыз және жедел түрде медицина мекемесіне жүгіну керек сізге  оқшаулауда тұрған он қүн ішінде емдік шаралары жүргізіледі,егер оқшаулау қезінде ауру белгілері байқалса немесе он күнге жетпей өлсе (егер ол өлтірілген болса немесе ұстатпай кетсе) зардап шеккен адамды медициналық көмек көрсетуді жалғастыра береді, өлген иттің бас миы ветеринариялық зертханаға ауруды анықтау үшін жолданады. Емдеуді алғашқы белгілері білінгенге дейін бастау керек. Иттеріңізді паспорттап құтыру ауруына қарсы вакцина егуге және жануарларды ұстау ережелерін сақтауға мән беріңіздер.Құтыру ауруынан сақтанайық ағайын.
  И.АХМЕТОВ,
ҚР АШМ ВБжҚК-нің
Жаңақорған аудандық аумақтық
инспекция басшысы         
01 қазан 2021 ж. 629 0