№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жұқпалы індет жасөспірімдер арасында шығуда

Жұқпалы індет жасөспірімдер арасында шығуда


Дүниежүзінде эпидемиялық ахуал күрделеніп келеді. Оған коронавирусты жұқтырған адамдар саны артқаны дәлел. Індетті жеңудің жолы біреу, ол – ұжымдық иммунитет қалыптастыру. Ол үшін вакциналаудың қарқынын күшейту керек.
Жасөспірімдер мен жастар арасында да жұқпалы індет тарауда. Соның салдарынан білім беру саласы дәстүрлі оқуға көшкенімен вирус анықталған сынып оқушылары онлайн оқуға жіберіліп, 14 күндік карантиндік уақыт сақталуда. Біз осының мән-жайын білуге тырыстық.


Осы тұста, дәрігерлер де балалар арасында коронавирус ауруының күрт артқанына алаңдаулы. Мәселен, белгілі педиатор Мөлдір Досжан сөзінше, балаға бей-жай қарауға әсте болмайтынын алға тартып отыр.
– Біз өткен жылдың наурыз-маусым және осы жылдың қаңтар-маусым айларындағы деректерді салыстырып, аурудың қаншалықты өскенін көрдік. Егер өткен жылы негізінен 5 пен 12 жас аралығындағы балалар ауырса және бұл балалардың шамамен 40 пайызы болса, бүгін 18 жасқа дейінгі жастардың жұқтырғанын көреміз. Және бұл бөлу өте біркелкі, бұл оның отбасылық ошақ екенін көрсетеді. Мұның себебі, әрине, эпидемияға қарсы шараларды сақтамау, өйткені үш-төрт айлық бала дүкенге бармайды, ол жерде жұқтыра алмайды. Бұл, ең алдымен, ата-аналар мен туыстар. Отбасылық іс-шаралар жалғасуда, эпидемияға қарсы іс-шаралар қағидаттары сақталмайды. Вакцинацияланған халықтың саны өте аз, вирус мутацияға бейім, және бүгінде бірнеше түрлері бар. Соңғы штамдар өте тез таралады, – деп нақтылады дәрігер.
Ал, біздің ауданымыздағы жағдай қалай? Бұл жайында ауданның бас эпидемиолог-дәрігері Асхан Отарбековтен сұрап білдік.
– Қазір біздің ауданымызда жағдай тұрақты. Бүгінгі күні 82 науқас ем алып жатыр. Оның 25-і ересек болса, 4-і бала. Үй жағдайында 52 науқас, 18 ересек, 34 жасөспірім ем алуда. Бірқатар мектепте ауру тіркеліп, анализ алу барысында оқушылардың, мұғалімдердің, мектеп директорларының арасында да вирус жұқтырғаны анықталды. Бірақ, басым көпшілігінде симптомсыз болып шықты. Осы орайда ата-аналарға айтарым, балаларыңызды барынша санитарлық талаптарды сақтауға шақырыңыздар. Індет жас талғамайды. Сондықтан балалармен көпшілікке жерге баруды азайтып, иммундық жүйені жақсартатын пайдалы тағамдарды көп тұтынған абзал, – деді.
Иә, сын сағатта жауапкершілік жүгінің оңай болмасы белгілі. Бірқатар елдерде коронавирус індетіне шалдыққандардың тәуліктік өсуі бойынша антирекордтар тіркелуде. Мәселен, Индонезияда 34379 жағдай, Кувейтте 1993 дерек анықталған. Индонезия билігі дерттен қайтыс болатындардың артуына байланысты шектеу шараларын күшейтті. Жаңа шектеулерге сәйкес қыз¬меткерлер қашықтан жұмыс істеу режиміне мәжбүрлеп ауыс-тырылып, мейрамханалар мен дүкендердің жұмыс уақытына шектеу қойылды. Бұл шектеулер елдің бүкіл аумағына енгізілді. Ал Оңтүстік Кореяда бейсенбі күні пандемия басталғалы бері ең көп тәуліктік көрсеткіш тіркелді. Сондықтан пандемияның жаңа толқынына дайындық басталып, билік вируспен күресу үшін қатаң шаралар енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің дерегіне сай, елде вирус жұқтырудың жаңа 1275 жағдайы тіркелген. Нәтижесінде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 164028-ге жетті. Бұл – өткен жылдың 20 қаңтарынан бергі ең үлкен көрсеткіш.

Әсел РЗАЕВА
26 қыркүйек 2021 ж. 305 0