№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Әр адам өз денсаулығына жауапты

Әр адам өз денсаулығына жауапты

Бүгінде Қазақстанның басым көпшілігі «Қызыл» аймақта. Өкінішке орай, біздің облысымыз да қауіпті өңірлердің қатарында. Сондықтан да тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамыз, деді Облыстық психикалық денсаулық орталығының медицина қызметкері Анар Жүнісқұлова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда.

“Өткен жылы пандемия тұсында облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары «Сейхун» провизорлық стационарда еңбек етті. Бір айдан астам уақыт ішінде біз 1000-ға жуық науқасқа көмек көрсеттік. Тынысы тарылып, ауа жетпеген, өкпесі қысылған жандарды ажалдан арашалап қалдық. Бірінші толқын кезінде дәрі-дәрмек тапшылығы мен ИВЛ аппаратының жеткілікссіздігі сезілді. Бұл проблемаларға қарамастан медицина саласының мамандары абыройлы еңбек ете білді. Ендігі мақсат – осы жағдайдың қайталануын болдырмау.

Мен вакцинаның екі компонентін де толық қабылдадым. Бүгінде өзімді жақсы сезінемін. Біз жұмыс бабында коронавирус індетіне шалдыққандармен тікелей байланыстамыз. Қазір облыстық психикалық денсаулық орталығы жанынан инфекциялық стационар қызмет көрсетуде.

Коронавирустың мутацияланған түрі – «Дельта» штамның қауіптілігі өте жоғары болып тұр. Көбіне симптомдары тұмауға ұқсайды. Егер дене қызуыңыз көтеріліп, бас ауруы мазаласа дереу дәрігерге жүгіну керек. Жалпы, бұл дерттердің алдын-алу үшін вакцина салдырған абзал. Қазір екпе егу пунктері қаламыздағы емханаларда және сауда орталықтарында бар. Сондай-ақ көшпелі мобильді топтар да жұмыс жасап жатыр", - деді сала маманы Анар Төлебайқызы Өңірлік коммникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Саулық – сақтықта екенін ұмытпайық.
КАЖДЫЙ ЧЕЛОВЕК НЕСЕТ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ ЗА СВОЕ ЗДОРОВЬЕ

Сегодня большая часть Казахстана находится в «красной» зоне. К сожалению, наша область также входит в число опасных регионов. Поэтому призываем жителей строго соблюдать меры предосторожности, сказала медицинский работник областного центра психического здоровья Анар Жунускулова на пресс-конференции в Региональной службе коммуникаций.
"В прошлом году в период пандемии специалисты областного центра психического здоровья трудились в провизорном стационаре «Сейхун». За более чем месяц мы оказали помощь почти 1000 пациентам. Мы спасли тех, кто задыхался, чьи дыхание перехватило, легкие были зажаты. Во время первой волны ощущался дефицит лекарств и недостаточность аппарата ИВЛ. Несмотря на эти проблемы, специалисты в области медицины сумели достойно работать. Теперь цель-избежать повторения этой ситуации.
Я полностью принял оба компонента вакцины. Сегодня я чувствую себя хорошо. Мы в своей работе напрямую связаны с теми, кто заразился коронавирусом. Сейчас при областном центре психического здоровья функционирует инфекционный стационар.

Риск мутировавшего типа коронавируса – штамма «Дельта " - остается очень высоким. Часто симптомы напоминают грипп. Если повышается температура тела и беспокоит головная боль, следует немедленно обратиться к врачу. В общем, для профилактики этих недугов лучше получить вакцину. Сейчас прививочные пункты есть в поликлиниках и торговых центрах нашего города. Также работают выездные мобильные группы", - сказала специалист отрасли Анар Тулебаевна на пресс-конференции Региональной службы коммникаций.

Не будем забывать, что в здравии – осторожность.
22 шілде 2021 ж. 303 0