Пәтер ұрылары көбейді
Жаңақорғандық тәртіп сақшылары тұрғындарға пәтер ұрыларынан сақ болуды ескертеді!
Пәтер ұрлығынан қалай сақтанса болады? Ұрылар көп жағдайда пәтерге құлыпты бұзып, кілтті сайлап немесе терезе арқылы кіреді. Бағалы зергерлік бұйымдарды, тондарды, басқа да құнды заттар мен ақшаны қолды етеді.
Осы орайда, Жаңақорған ауданының Полиция бөлімінің қызметкерлері мүлігіңізге қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу мақсатында ескерілуі тиіс келесі қағидаларды сақтауға кеңес береді !
Есте сақтаңыз:
- кіру есігіне берік құрамдастырылған құлыптарды орнату;
- кіру есігіне қосымша тиекті құрылғыны орнату;
- цилиндрлі құлыпқа құрышты қорғаныс құрылғысын орнату;
- сувальдті құлыпқа қорғаныс тілімін орнату (Ригельдер неғұрлым көп болса, тиекті құрылымды бұзу ықтималдығы төмен болады. Металл есіктерге құлыпты таңдағанда, сувальдтері санының көп болғанын ескеріңіз. Бұл құлыпты бұзудан жақсы қорғайды);
- пәтер кілтін кілемше астында, электрқалқанда, пошта жәшігінде, есікке жақын жерде қалдырмау. Қылмыскер пәтер иелерін аңдуы мүмкін.
-пәтерден шыққан кезде балкон есігін, терезелерді жабу. Үйге терезе арқылы қылмыскерлер көбіне бірінші қабатта орналасқан пәтерлерді тонайды.
- ұзақ уақытқа сапарға шыққанда бағалы заттарды сенімді адамдарыңыздың үйінде сақтаңыз.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жеке мүлікті сақтау мақсатында зиянкестердің терезе арқылы кіруінен қорғанудың қосымша амалдары жөнінде де айтты.
- Зиянкес үшін терезелер пәтерге кірудің оңай жолдарының бірі. Сондықтан да терезелердің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен маңызды. Қазіргі таңда пластик терезелерге арналған бұзуға қарсы фурнитура орнатуға болады.
Бұдан басқа, мынадай қондырғыларды орнатуға кеңес беріледі
-күзет дабылы;
-бейнебақылау камерасы;
-қозғалыс датчигі.

Аудандық полиция бөлімі