Бір айлық пәтер ақысын төлеп берген тәртіп сақшысы
Ақтөбеде ерекше үлгі боларлық оқиға болыпты. Екі кішкентай баласы бар отбасыны пәтер ақысын төлемегені үшін үй иесі үйден шығуларын талап еткен. Артынша пәтер иесі тәртіп сақшысын шақырған. Оқиға орнына Жақыпов Бахтияр есімді тәртіп сақшысы келген. Үй иесі пәтер жалдаушылардың дереу үйді босатуына көмектесуін сұрапты.
Бахтияр олай істеуден бас тартып, бір айлық пәтер ақысын өз қалтасынан төлеп беріпті.
"Екі баласы бар әйел барар жері жоқтығын айтты. Қаржысы да жоқ екен. Үй иелері олардың екі сағат ішінде пәтерді босатуын талап етті. Мен өз қалтамнан пәтер ақысын төледім", - дейді Бахтияр.
⠀
Тәртіп сақшысы бұл әрекетін ешкімге айтпаған. Оқиға жайлы пәтер жалдаушылар әлеуметтік желіге жазған. Содан белгілі болды. Жарайсың Бахтияр!