Түркістанда қаза болған 5 балалы ана Жаңақорғандық екені анықталды
Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Бакиров фейзбук парақшасында хабарлады.
"Түркістан мен Жаңақорған жұрты бұрыннан бір - біріне өте жақын, ағайын - туыс, құда - жекжат болып араласып келеді. Кеше күн Түркістан үшін ең ауыр күн болды ау деп мазасыз жатқанымда аудан әкімі Руслан Рүстемұлы "қаза болған марқұмдар Түркістан қаласының тұрғындары болғанымен Жаңақорғанның тумасы, Қыркеңсе ауылынан екен" дегенді естіп үнсіз көрпе астында жылап алдым. Марқұм болған жас ана Гүлназ Болатқызы мен 17 жас пен 5 жас аралығындағы төрт бірдей бауырларымыздың мәйітін туған жерге жерлеу рәсімдерін өткізу мақсатында Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы Аюпов бастаған бір топ әкімдік қызметкерлері жолға шығыпты.
Аудан әкімі Руслан Рүстемұлы бастаған менің әріптестерім шегарадан күтіп алып бірге Қыркеңсеге жол тарттық. Тізілген бес медицина автокөлігі, жол полициясы қызыл - көк түсті жарықтарын жағып Жаңақорған кентінен түнгі сағат 03.00 шамасында жүріп өттік, қорқынышты әрине, аяқ астынан елде төтенше жағдай басталып кеткендей ауыр елестеді. Ауылға барып, марқұмның ағайын - туысымен ертеңгі жаназа уақытымен ақылдаса келе түскі 15.00 ге тоқталды. Қала әкімі Рашид Аюпов жаназасына және жерлеу рәсіміне қатысып, аяқтап қайтамыз деп шешті.
Азаңғы сағат 10.00 шамасында марқұм болған бауырлардың ағайын - туысына көңіл қошын білдіруге Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Наушақызы ауданға келді. Далада қатар түзеген ер кісілермен және үй ішіндегі апа - жеңгелеріммен ұзақ отырып, көңіл айтты.
Аймақ басшысы Гүлшара Наушақызы: "Орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіріп, Сыр Елінің халқы және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдауым мен ниеттестігімді жеткіземін. Ақпан айы еліміз үшін өте қиын айы болды, кешегі Байқоңырдағы екі жасөспірімнің жоғалуы, Қызылорда қаласында тілсіз жау оранған тұрғын үйдегі сәби өлімі, енді міне бүтіндей бір отбасының шаңырағы шайқалып, Нұржігіт Манапұлы бауырымыз сүйікті жарынан және төрт ұл-қызынан қапы қалғаны жүрекке қатты соққы болды. Нәзік жанды әйел болғандықтан кешегі түн мен үшін өте ауырда қорқынышты өтті. Елімізде енді мұндай қайғы болмасын, барлық отбасы аман болсын, тыныштық болсын" деп сөзін аяқтады.
Жаназа. Жерлеу. Бұл жаназа мен жерлеу басқалардай болған жоқ. Жамағаттың саны да көп, қатар тұрған бес мәйітті көру қиынға соқты, дауыс шығармай жыламаған ер болған жоқ.
Ия, еліміз тыныш болсын, балаларымыз аман болсын, тек жақсы жаңалықтарда жолығайықшы ағайын", – деп жазды ол.