№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бейқамдық өзекті өртейді

Бейқамдық өзекті өртейді

Көз алдыңда жарқылдап өсіп келе жатқан перзентіңнен айрылу жүрек етіңнің жұлынғанымен бірдей. Он екіде гүлі ашылмаған ойын баласының орны толмас қайғы-қасыретін арқалатып, биылдың өзінде аудан бойынша бес бірдей бүлдіршен суға кетті. Бұған қоса жігіт жасындағы екі азамат бар. Аптап ыстықта кімнің болсын суға шомылғысы келеді. Өткен апта соңында осындай орны толмас қазаның куәсі болдық. Бір әулеттің қос құлыны кенет жазатайым жағдайға душар болып, өзекті өкініш өртеді.
– 2021 жылдың 3 шілде күні жергілікті уақыт 15 сағат 08 минутта Жаңақорған ауданының 112 байланыс телефонына Жаңақорған кентінде Жашыкөл каналына екі бала суға батып кетті деп Б.Бекетов есімді азамат  телефон арқылы хабарлады. Дереу бөлімінен 2 қызметкер оқиға орнына жіберілді. Бірақ тым кеш еді, екі жеткіншекте ажал құшты, – деді төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Елжан Шегебаев.
Қос жас өскіннің жанында болған өспірімдер оқиға орнын­да мән-жайды түсіндірді. Сол көпірден суға секірген екеу жағаға жете алмай қалған. Дәл осындай жағдай бірер күн бұрын Көктөбе ауылдық округінде қайталанды. Сондықтан балаларға бақылау болмаса болмайын деп тұр.
– Кейінгі үш жылды сараптап көрсек, қай­ғылы жағдайлардың басым көбі күндізгі уақытта болған. Таң атқаннан кешке дейін мәре-сәре суға шомылып, аяғы апатты оқиғаға ұрынып, соңындағыларды қайғыға қалдырудың қасыреті қандай ауыр. Соңғы үш жылда орын алған 13 жағдайдың 9-ы 12 жасқа дейінгі балғындар арасында орын алды. Апат айтып келмейді, дегенмен де әр нәрсеге сақтықпен қараған дұрыс. Айыппұл салу біздің құзырымызда емес. Алдағы уақытта кәмелетке толмағандардың ата-аналарына әкімшілік іс бойынша шара көрілетін болады. Бізді бір қынжылтатыны, сана мәдениетінің төмендігі, біз қойған тақтайшалар мен билбордтарды тұрғындар жыртып, сындырып тастайды. Дария суында қаза тапқандардың көбі ішімдік ішіп, шомылатындар. Жағажайда табиғатты ластап, шыны ыдыстар мен қағаз, пакеттерді лақтырып, ыбырсытып кету адамгершілікке лайық көрініс деп айта алмаймыз, – деді Е.Шегебаев.
Көктөбе, Қандөз, Келінтөбе, Сунақата мен аудан орталығында тіркелген бес жағдайдан жеті тұрғын зардап шекті. Жалпы аймақта жыл басынан бері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 20 оқиға тіркеліп, 25 адам қайтыс болды. Оның 17-і бала. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев мәлімдеді.
– Облыстың су айдындарында, әсіресе, Сырдария өзенінде жылда азаматтардың әртүрлі себептермен қайғылы жағдайларға ұшырауы өзекті мәселе болып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда балалардың суға кетуі 53 пайызға көбейді. Сондай-ақ, балық аулайтын орындарда 467 рейд ұйымдастырылды. 4933 адамға судағы қауіпсіздікті түсіндіріп, үнпарақтар таратылды, – деді Саид Шазындаұлы.
Брифингте төтеншеліктер қалада 2 жағажайға суға түсуге болатынын айтты. Олар шаһар орталығындағы «Сыр-Самалы» және Белкөл кентіндегі «Абай» жағажайы. Ал, біздің ауданда арнайы орын жоқ, көлдер мен каналдарға балалар көп барады. Бұл жағдайға байланысты төтнше жағдайлар бөлімі, әкімдік, қандай жауапты мекеме бар барлығы дабыл қағуда. Сәл құлақ асып, сәл сабыр сақтасақ қайтеді. Суға түсетін уақыт алда келеді. Аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы Шерхан Ашимов қауіпсіздік тақтайшаларын қоймаған елді мекендердің олқылығынан осындай жағдайлар орын алуда екенін ескертті. Өзгелер айтты, бізді жазды екен деп баланы тұсаулап ұстау мүмкін емес әрине, дегенмен ақылмен айтып, керек болса аз-аздап тоқпақтап алған дұрыс.
Құрметті ата-аналар, сіздерге айтарымыз, мүмкіндігінше балаларды каналдар мен көлдерге жібермеуге тырысқандарыңыз жөн. Бала – біздің болашағымыз, сондықтан өз болашағымызға өзімізге қорған болайық.
Әлібек ТЕМІРБЕК
06 шілде 2021 ж. 859 0