№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » «Хабар» агенттігінің қызметкерлеріне пәтер кілті берілді

«Хабар» агенттігінің қызметкерлеріне пәтер кілті берілді

ҚазАқпарат – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнін мерекелеу қарсаңында «Хабар» агенттігінің қызметкерлері қоныс тойларын тойлауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өз пәтерлерінің бақытты иелерін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары – Дәурен Абаев пен Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі – Аида Балаева құттықтады. «Менің ойымша, қалған телеарналар «Хабар» белгілейтін деңгейге жетуге ұмтылады. Бүгінгі іс-шара – «Хабар» тек ақпарат беріп қана қоймай, өз кадрларына қамқорлық жасайтынының жарқын дәлелі», – деді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның айтуынша, Агенттік қызметкерлерінің кәсіби мерекелері қарсаңында пәтер кілттерін алуы – өте орынды болды. «Мен бүгін сіздермен осы қуанышты оқиғамен бөліскеніме өте қуаныштымын. Шынында да, кез-келген адам дені сау болуды, балалар өз ошағы мен үйі бар отбасында өскенін армандайды. Агенттік басшылығының осындай ерекше мүмкіндік бергеніне өте қуаныштымын. Мен әр отбасына өркендеу мен бақыт тілеймін, «Хабар» тұрғын үй кешенінде әрдайым керемет іс-шаралар болып тұрсын. Сіздердің кәсіби мерекелеріңіздің қарсаңында пәтер кілттерін алуларыңыз – өте орынды! Сіздерге шығармашылық табыс пен бақыт тілеймін», – деді Аида Балаева .
Жаңа «Хабар» тұрғын үй кешені елорданың перспективалы ауданында орналасқан. Бұл – жер асты паркингі бар 10 қабатты заманауи ғимарат. Агенттіктің үздік қызметкерлері пәтерлерді жалға алу құқығы аясында, кейіннен сатып алу мүмкіндігіне ұласатын жүйе арқылы алды. Тағы 200 қызметкер өте қолайлы шарттар бойынша жайлылық-санатындағы тұрғын үйден пәтер сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
24 маусым 2021 ж. 627 0