Соңғы жаңалықтар

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Вакцинаның бірінші дозасын алған адам аурып қалса, екінішісін алты айдан кейін салдырады – эпидемиолог

Вакцинаның бірінші дозасын алған адам аурып қалса, екінішісін алты айдан кейін салдырады – эпидемиолог

№12 қалалық емхананың эпидемиологы Данара Укиева коронавирусқа қарсы вакцина туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, аурудан кейін антиденелер алты ай бойы сақталады. Вакцина алмай тұрып алдымен антиденеге ИФТ-тест тапсыру керек. Егер вакцинаның бірінші дозасын алған науқас ауырып қалса, екіншісін салдыру үшін алты ай күту қажет.
«Егер антиденелер саны белгілі бір титр мөлшерінен асып кетсе, онда вакцина алуға болмайды. Ал антиденелер саны аз болса вакцина қажет, әйтпесе ауырып қалуыңыз мүмкін. Әр ағзаның дербес және антиденелердің жойылу жылдамдығы әр түрлі екенін түсіну керек», – деді эпидемиолог.
Дәрігер вакцинаның қалай әсер ететінін түсіндірді.
«Азамат екпе пунктіне келеді, келісімге қол қояды, терапевттен медициналық тексеруден өтеді және осыдан кейін ғана дельтоидты бұлшықетке вакцинаның бірінші дозасын алады. Содан кейін бейдж беріліп күту аймағына жіберіледі, онда отыз минут мамандардың бақылауында болады»,- дейді ол.
Сонымен қатар, ол вакцинаны 18 жасқа дейінгі адамдар, жүкті және емізетін әйелдер, аллергиялық реакциялар мен созылмалы аурулары бар адамдардан басқалар алуға тиіс.
14 маусым 2021 ж. 630 0