7 мамыр Отан қорғаушылар күнінің тарихы
Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ұлттық армияның құрылуы - 1992 жылдың 7 мамырына сәйкес келіп тұрғандықтан, осы күн Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы жарлығымен «Отан қорғаушылар күні» деп ресми мереке күні ретінде аталып өтетіні анықталды.Тарихына тоқталып өтсек.
Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылдың 7 мамырында сол кезге дейін Мемлекеттік қорғаныс комитеті болып келген орган Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Ата – бабамыз мұра ретінде қалдырған ұланғайыр жерімізді бүгінде ержүрек ерлер қорғап келеді. Отан қорғаушы! Қандай қасиетті де құдіретті сөз. Өзін ер-азаматпын деп санайтын кеудесінде намысы, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы. Елбасының: «Патриоттық рух бізге ауадай қажет», деген сөзі ақиқат. Өйткені, отаншылдық рухы қай заманда да қазақ халқының бойындағы айрықша қасиет болып табылған.
Сондықтан біздің бүгінгі күнгі басты мақсатымыз – өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін нығайтып, ғибрат аларлықтай, үлгі тұтарлықтай, ержүрек, намысшыл, адал, қайсар мінезді азаматтар тәрбиелеу.
Сіздердей ер азаматтарымыз барда, бейбіт заманда өмір сүретінімізге біздер әрқашанда сенімдіміз дей келе «Жаңақорған тынысы» газетінің ұжымының атынан «Отан қорғаушылар» күнімен құттықтаймыз!