№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бөтеннің мүлкін ұрлағандарға жаза қолданылды

Бөтеннің мүлкін ұрлағандарға жаза қолданылды

Жаңақорған аудандық сотында сотталушылар Ж, Н, С-қа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3тармағымен қылмыстық іс қаралды.
Сот отырысында анықталғандай, сотталушылар 2021 жылы С., Ж., және Н. алкогольді мас күйінде адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы, қоймаға заңсыз кіріп бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау мақсатында жәбірленуші Б-ның үйінің алдына келіп, ауласындағы гараждың есігін ашып, оған заңсыз кіріп, гараж ішінде тұрған автокөліктің қосалқы бөлшектері, яғни әрқайсының құны 50000 теңге тұратын автокөліктердің қораптарын, құны 10000 теңге тұратын автокөлік қозғалтқышының цилиндр басын және 1-дана құны 5000 теңге тұратын аккумуляторын жасырын жымқырып, оқиға орнынан бой тасалап, жәбірленушіге жалпы құны 115000 теңге мүліктік залал келтірген.
Сот талқылауында сотталушылар өз кінәларын мойындап, жәбірленушіге келтірілген шығынды өтегенін, онымен татуласқандарын көрсетті.
Сот сотталушыларға жаза тағайындау кезінде ҚК-нің 53-бабына сәйкес сотталушылар қылмыстық жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жайына шын ниетпен өкінуі, қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген мүліктік залалды өз еріктерімен өтеуін танып, ҚК-нің 54-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай жоқ деп тұжырымдап, сот үкіммен сотталушылар Ж.,Н.,С. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, аталған мерзімге пробациялық бақылау белгіленді. Енді аталған сотталушылар 2 жыл көлемінде Жаңақорған аудандық пробация қызметінде есепте тұратын болады.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
21 сәуір 2021 ж. 615 0