№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Карантин талаптары күшейтілді

Карантин талаптары күшейтілді

Қызылорда облысының а.ж. 8 сәуірден бастап “сары” аймақта болуына байланысты бірқатар карантин талаптары күшейтілді.
Аймақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.04.2021 жылғы №8 Қаулысына сәйкес ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
– қоғамдық орындарда кальянды пайдалануға;
–ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу, «ауыз ашар», т.б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;
– банкет залдарының жұмысына;
– букмекерлік кеңселердің қызметіне;
– бильярд, боулинг (“Ashyq” пилотына қатысатын кәсіпкерлік субьектілерге рұқсат)компьютерлік клубтардың (“Ashyq” пилотына қатысатын субьектілерге рұқсат), түнгі және ойын клубтарының, караокенің қызметіне;
– балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне;
– мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге;
– балалардың ойын-сауық орталықтарының (жабық үй жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар) жұмысына;
– көрермендермен спорттық іс шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады.
РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ
– балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының жұмысы топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын алу жазылу бойынша;
– қоғамдық көлік жұмысына;
– банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері жұмысына 9.00-ден 18.00-ге дейінгі уақыт шектеуімен;
– ұйымдар, офистердің жұмыстарына 50%- күндізгі режиммен;
– белгіленген талаптар сақталған жағдайда және ұжымдық іс-шараларды өткізбей діни объектілердің қызметіне;
қоғамдық тамақтану объектілеріне толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7-ден 24-ке дейін жұмыс істеуге;
– сауналар жұмысына (жексенбіден басқа);
– 30 адамға дейін мәдениет объектілерінің жұмысына (дайындық);
– толтырылуын 20%-дан артық емес етіп театрлар, кинотеатрлар, концерт залдарының жұмысына рұқсат беріледі.
– алдын ала жазылу бойынша стоматология, медициналық орталықтар, кабинеттер жұмысына;
– толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес етіп облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдардың жұмысына;
– толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес етіп қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдардың жұмысына рұқсат;
– Ұлттық құрама, клуб командалары үшін адам санын 30-дан асырмай спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат.
– Мектептердегі білім беру форматы өзгеріссіз күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен облыстың барлық аймақтарында:
– контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқыту;
– білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту;
– жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқыту;
– колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқыту жалғасады.

Жаңақорған ауданы әкімдігі фейсбук парақшасынан
13 сәуір 2021 ж. 693 0