ҰБТ-ға дайындалудағы алғышарттар
Бірыңғай мемлекеттік емтиханға дайындық – мектеп бітірушілердің емтиханға дайындығын психологиялық тұрғыдан дайындап, оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылауын, сенімділігін арттыруын жүзеге
асыруды көздейді.
Қиын ситуация кезінде өзіңді жоғалтып алмау үшін, шамадан тыс мақсат пен міндет қоюдың қажеті жоқ.Барлық нәрсені біртіндеп жасаған жөн. Емтиханға алдын-ала, біртіндеп, тыныштықты сақтап дайындала баста. Егер ойды жинақтау қиын болса жеңілін есте сақтап, сосын қиын материалды үйрен. Ішкі қатаюдан, шаршағаннан арылу үшін жаттығуды күнделікті орында. Емтиханға дайындалу кезінде көзге ауырлық түседі. Егер көзің шаршаса, онда ағзаң шаршайды. Мұндайда емтихан тапсырмасын орындауға күшің жетпейді. Сондықтан да көзіңнің демалуына жағдай жаса. Кез-келген жаттығуды орындау керек. Кезегімен жоғары-төмен жиырма бес секунд, оңға солға он бес секунд қарау көз қарашығыңмен аты-жөніңді жазу, ұзақтығы бір затқа жиырма секунд, сосын алдыңдағы қағазға жиырма секунд көзіңді тік ұстау, сағат тілі бойынша оған кері етіп, көз қарашығыңмен және квадрат, үшбұрышты салу көзді демалдырады.
Сондай-ақ емтиханға күніне сегіз сағат, спортпен айналысуға,таза ауада серуендеуге, би алаңына баруға сегіз сағат, сегіз сағаттан кем ұйықтамау және қажет болса түсте демалып алған жақсы
Тамақтану үш-төрт реттен және витаминге толы болуы керек. Тамақтанғанда грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шоколадты қолдану керек. Бірден оқымай көзді сақтау үшін, әрбір жиырма-отыз минутта үзіліс жасау және кітаптан көзіңді алып, ұзаққа көз тігу. Танымдық қабілеттерді ынталандыру үшін кинезиологиялық жаттығуларды орындау қажет. Бас бармақпен және сұқ саусақпен барлық саусақтарды алды мен артын, сосын алдын басу қажет. Сосын келесі қолды жасаған дұрыс. Қолды алға қойып, алақаныңызды ашып ұстаңыз.Кішкентай бөбек саусағыңызды бүгіп, қалғанын тік қойыңыз. Қолды оңнан солға, ал аяқты солдан оңға қарай айналдырыңыз. Сосын келесі аяқ пен қолға өтіңіз. Қолыңызды тізеңізге айқастырып қойыңыз.
Арқаларыңды түзеп, ыңғайлы отырыңдар. Өздеріңді бәрінен жоғары, ақылды, ойшылмын деп ойлаңдар, бәрі сендердің қолдарыңнан келеді. «Мен сабырлымын, өте сабырлымын» – деген сөздерді бірнеше рет ішіңнен қайталап айт. Соңында жұдырығыңды қыс.
Тест тапсырмаларын алғаннан кейін тапсырмаларды оқып, сұрақтарымен танысып алғаннан соң өзіңе жеңіл деген тапсырманы орындаудан баста.Таза ақ қағазға қарындашпен дұрыс жауаптарын белгіле. Өзің таңдаған жауаптың дұрыстығын дәлелдейтін, барлық фактілерді, мысалдарды есіңе түсір. Егер осының бәрі дұрыс болса, өзіңізді жеңіл сезінесіз. Басыңыз дұрыс жұмыс істеп, жүйкеңіз тынышталады, барлық күш-жігеріңізді тест жұмысын орындауға жұмсайсыз, бағыттайсыз.Тест тапсырмалары бір-бірімен байланысты емес, сондықтан өткен тест тапсырмаларын ұмыт, жаңа тапсырмаларды орындауға кіріс.Шығарып тастау әдісін қолдан! Дұрыс жауапқа сай келмейтін жауаптарды алып таста. Егер жауаптың дұрыстығына күмәндансаңыз, таңдау қиынға соғады. Өзіңнің сезіміңе сен!
Шимай қағазға жазғаннан соң, жан-жағыңыздағы жолдастарыңыз тестерін жазып жанына қойды. Сіз олай етпеңіз. Уақытыңызды үнемдеп, таза бетке жазуды бастаңыз. Сіз жазып болғанға дейін көптеген ойлар басыңызға келеді, осындай жағдайда қателеріңізді түзеуге мүмкіндік болады.
Жазира Тұрабаева,
№3 мектеп-интернатының
педагог-психологі