№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Даусыз талаптармен нотариусқа атқарушылық жазба шығару үшін жүгіну тәртібі түсіндірілді

Даусыз талаптармен нотариусқа атқарушылық жазба шығару үшін жүгіну тәртібі түсіндірілді

Жаңақорған аудандық сотында «WhatsApp» мобильді қосымшасының көмегімен «Даусыз талаптармен нотариусқа атқарушылық жазба шығару үшін жүгіну тәртібі» туралы онлайн режимінде дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға аудандық соттың судьясы Э.И.Рыскулов, кеңсе меңгерушісі Б.Нәлібаева, ауданның жекеше нотариустары Ә.Ө.Әлайдар, Б.Т.Ержанова, А.А.Жәнібеков және және аудандық заң кеңес беру бөлімінің адвокаттары Г.Жүсіпалиева, Г.Увайдаева қатысты.
Аудандық соттың судьясы Э.И.Рыскулов дөңгелек үстелді ашып, өз сөзінде «Нотариат туралы» заң талабына сәйкес талап қоюшының борышты, сыйақыны және тұрақсыздық айыбын өндіру жөніндегі даусыз талаптарымен нотариусқа атқарушылық жазба шығару үшін жүгіну арқылы дауды соттан тыс тәртіппен шешу көзделгенін түсіндірді.
Сонымен қатар, жекелеген талап қоюшылармен процестік құқықтарын теріс пайдалану фактілері де орын алып жатқанын, атап көрсеткенде кейбір талап қоюшылардың арыздары негізінде нотариустар өздерінің қаулыларымен атқарушылық жазбаның күштерін жойып жатқанын атап өтті.
Заңның 92-8-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес нотариус мәлімделген талапқа қарсықарсылықты алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы шығаратынын, атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы дау айтуға жатпайтынын, егер жасалған атқарушылық жазба борышкердің қарсылығы бойынша нотариустың қаулысымен күшін жоймаса, оған дау айту сот тәртібімен жүзеге асырылатынын түсіндірді.
Сондай-ақ өндіріп алушының қарсылығы негізінде атқарушылық жазбаның күшін жоюға жол берілмейтіні заңмен көзделсе, өз кезегінде борышкердің қарсылығы негізінде атқарушылық жазбаның күші жойылған жағдайда өндіріп алушының сот арқылы қорғану құқығы сақталғанына тоқталды.
Заңның 92-6-бабының 2 және 3-тармақшаларына сәйкес борышкер атқарушылық жазбаның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа хабарламасы бар мәлімделген талапқа қарсы қарсылығын жазбаша түрде жіберуге құқылы, борышкердің қарсылығында мәлімделген талаппен келіспеу себептері қамтылуға тиістігін, яғни заңмен борышкермен қарсылық беру мерзімі және қарсылықта мәлімделген талаппен келіспеу себептері көрсетілу тиістігі нақты айқындалғанын атап, түсіндірме берді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар нотариустың атқарушылық жазбасы бойынша туындаған сұрақтарын ортаға салып, пікір алмасты.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
06 сәуір 2021 ж. 638 0