Топ-баннер
Топ-баннер2

№18 (8932) 7

07 наурыз 2026 ж.

№17 (8931) 3

03 наурыз 2026 ж.

№16 (8930) 28

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотымен серіктестік лицензиясынан айырылды

Жаңақорған аудандық сотымен серіктестік лицензиясынан айырылды


Жаңақорған аудандық сотымен
серіктестік лицензиясынан айырылды
          Жаңақорған аудандық сотында 3 сәуір 2018 жылы құқық бұзушы «Береке» ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 464 бабының 2 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.
          Істің мән-жайына сәйкес, құқық бұзушы «Береке» ЖШС-гі құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысу үшін лицензия беру туралы Қызылорда облысының сәулет-құрылыс бақылау басқармасына 16 ақпан 2018 жылы өтініш жолдап, ұсынған материалдық-техникалық ресурстары туралы мәліметте жалға алған техникаларын көрсетіп, оның ішінде «Шиелі-Жолшы» ЖШС-нен 4 желтоқсан 2017 жылғы №04/12 шарт негізінде 12 дана құрылыс техникаларын жалға алғанын көрсеткен. Өтінішке сәйкес, 28 ақпан 2018 жылғы басқарманың лицензиялау комиссиясы отырысының және басқарма басшысының бұйрығымен «Береке» ЖШС-не құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысу үшін ІІІ-санаттағы № 18004404 мемлекеттік лицензиясы берілген. Алайда, аталған мән-жайларды нақтылау мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде көрсетілген серіктестіктер арасында ещқандай жалға беру келісім шарты жасалмағаны, яғни лицензиаттың лицензия алған кезде көрінеу анық емес ақпарат беріп, «Береке» ЖШС-і Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 464 бабының 2 бөлігінде көрсетілген әрекеттер жасағаны анықталған.
          Сот қаулысымен құқық бұзушы «Береке» ЖШС-і Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 464 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысу үшін ІІІ-санаттағы мемлекеттік лицензиясынан айыра отырып, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 240 500  теңге айыппұл салынды.
          Қаулы заңды күшіне енбеген.
          Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының маманы А.Нысанбаева.
13 сәуір 2018 ж. 802 0