№38 (8749) 14

14 мамыр 2024 ж.

№37 (8748) 11

11 мамыр 2024 ж.

№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Арқаны бірге тосқан апатты жеңеді

Арқаны бірге тосқан апатты жеңеді

Құдай жазса жазға да іліктік деп жадырап арқа-басымыз кеңіп үлгермеді, кенеттен суытқан күн райы қар бораған аязға айналып, мал-жанды бірдей қатал қыспағына алды. Табиғаттың осылайша жағадан алған тосын қатерінен қайраны құрып, қапылыста жұтқа ұшыраған жағдайлардың қаншамасына тарихтан куәміз. Технология жетілді деген қазіргі заманда қарсы қылар қауҺарымыз да жоқ емес десек те құдыреттің қаҺарынан қорықпасқа болмайды. Сондықтан адамзат артық-ауыс тілден тыйылып, басымызға түскен қиындықты құдыреттің өзіне тәуекел ете отырып, тіпті бір қателіктеріміздің жазасы ретінде түсініп, ортақ істе оң талабымызды біріктірсек бұл қатерді де артқа тастарымыз кәміл.

Хош. 13-14 наурыз күндері аймақта ауа райының аяқастынан күрт өзгеруіне бай­ла­нысты ауданда төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында жедел шаралар басталып кетті. Нақтылап тоқталсақ, аудан әкімі Руслан Рүстемовтің тапсырмасымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысы өтті. Комиссия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Е. Сұлтанбеков төрағалық етті. Аудандық азаматтық қорғау қызметі басшылары қатысқан жиында Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы Шерхан Ашимов хабарлама жасады. Хабарлама негіізінде аудан­дық төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі комиссия ауа райының күрт өзгеруіне байланысты барлық кент, ауылдық округтердің әкімдеріне өз аумақтарында жағдайды бақылауда ұстауды тапсырып, кент, ауылдық округтердегі көшелерді қардан тазалау жұмыстарын жүргізуге шешім етті. Екінші ,азаматтық қорғаудың инженерлік қызметіне келісім шартқа сәйкес техникаларды тарту жұмыстары міндеттелді. Бұл жұмысты Жаңақорған ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі мойнына алды Үшіншіі, аудандық энергетикалық және жолдар және көпірлер қызметі барлық өзіне тиісті қызметтерді дабыл бойынша көтеруді, аудандық маңыздағы жолдарды қардан тазалауға кірісуге тапсырма алды.. Электр энергиясы мен газдың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл жұмыстарға Жаңақорған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және авто­мобиль жолдары бөлімі» ММ және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Жаңақорған газ шаруашылығы мекемесі жауапты болып бекітілді. Төртінші, тау беткейдегі шаруа қожалықтарға тиісті техникамен 4 бағытқа арнайы құрылған топтар жіберу, бесінші, барлық бағытта шығатын техникаларды жанар жағармаймен, қажетті азық түлікпен қамтамасыз ету Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелді.
Екі-үш күннен бері осы жұмыстар атқарылып жатыр.
Күн маңдайдан сүйген наурыз шуағына жер – дүние жылып, жайлауға көш түзеп қойған малшылар қауымына қиын болды. Қалың қар басқан тау бөктерлеріне қарай баратын жолды тазалап және ашыққан малға жем-шөп жеткізу» үшін арнайы ауыр көліктер жасақталып, құтқарушылар командасын аудан әкімі орынбасарлары өздері басқарып шықты. Ал кенттің ішіндегі жолдарды қардан аршу бағытында екі күн бойы таңғы алтыдан бастау алған жұмыстардың басы-қасында кент әкімі Серік Сейдуалиевтің өзі жүргенін көз көрді. Қатты бұрқасында газ жылуынан ажырап күрделі ахуал туындаған үйлерге Жаңақорған «ГазРеммонтаж» ЖШС мекемесі дер кезінде көмек көрсетіп, сенбі күні 18 үйге, жексенбі күні 16 үйге, оның ішінде екеуі дүкен нысаны, шақыртумен барып жағдайды қалыпқа келтірді. Екі үйдің мұржасы ескіргендіктен құлағаны анықталды. Жыл сайын мұржа ауыстыру мәселесіне тұрғындардың бей-жай қарайтыны осы тұста өзектілігін көрсетті.
Ел мүддесіне бағытталған жұмысқа ерікті түрде білек сыбана кіріскен азаматтар қатарында кент тұрғыны, «Жаңарған Жаңақорған жастары» еріктілер ұйымының белсенді мүшесі Дархан Досантаевтың бастамасы бәрінен биік тұр.
Жеке кәсіпкер кешегі қиын сәтте қара­мағындағы ауыр техникасын оталдырып, МАИ бекетінен бастап кешелі бері тыным таппай кент көшелерінде қар тазалау жұмысына үлес қосып жүр.
Дүйсенбі күні де ол оқушылар мен тұрғындарға жол ашу үшін «Алтынсарин», «Саяжай» аума­ғындағы жолдарды қардан тазалады.
Жалпы, еріктілік қызметі өз еркіңмен баратын жүректің жұмысы. Осындай үлкен жүректі аза­маттар бас біріктірсе қиындықты еңсеруге болады екен.
Ауданымыздың өкпе тұсынан өтіп жатқан халықаралық автомобиль тас жолында ерсілі-қарсылы ағылған шетелдіктер де осы жолы халықтың ынтымақты тірлігіне зер салған сәт болды. Батыс Қытай – Батыс Еуропа тас жолында тығырыққа тірелген түрік азаматтары да жәрдем-көмегін алып, тиісті бағыттарына бет түзеді.
Ақүйік, Қыраш, Манап ауылының маңында үлкен жүк автокөліктері жол шетіне шығып, кептелісте қалған екен. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, жол-полиция қызметкерлері дер кезінде көмекке жетті.

Түйін. Артында Алланың ашуы тұрған табиғаттың тосын мінезіне қырын қарап қын­жылғаннан гөрі апатқа арқаны біріге тосып қайырын күткенге Тәңірдің де мейірімі түседі. Жарылқауына алады. Не қиындықтың да соңын жақсылыққа жорып, қанағатын жоғалтпаған халық едік. Еліміз аман, бауырымыз бүтін болсын.

Баян ҮСЕЙІНОВА
16 наурыз 2021 ж. 384 0