№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылордада балық шаруашылығын дамытуға басымдық беріледі

Қызылордада балық шаруашылығын дамытуға басымдық беріледі

Аймақта балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама шеңберінде 2030 жылға дейін балық экспортын 2 есеге, тауарлы балық өндіру көлемін 111 есеге арттыру көзделуде. Нәтижесінде 500-ден астам жаңа жұмыс орны құралатын болады.

«Облыста 16 шарбақтық балық өсіру шаруашылығы, тауарлы балық өсіретін 12 тоған құрылып, 3 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғысы іске қосылатын болса, көл-тауарлы су айдындарының саны 55-ке жеткізіледі. Өңірлік бағдарламаны іске асыру үшін жалпы көлемі 28,9 млрд. теңге қаржы есептелді. Осыған орай, балық шаруашылығын қолдау мақсатында, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге қаржы бөлу қарастырылды. Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы әлеуметтік-экономикалық жағдайын және балық шаруашылығын одан әрі дамытуға оң әсерін тигізетін болады», – деді облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов. Айта кетейік, облыс аумағында Сырдария өзені, Кіші Арал теңізі және 207 көл бар. Оның ішінде, 95-і тауарлы балық өсіру шаруашылығына бағытталған.
15 наурыз 2021 ж. 893 0