№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үгіт-насихат құралының мән-мазмұны қалай?

Үгіт-насихат құралының мән-мазмұны қалай?


Аудан бойынша 536 ақпарат орны бар. Әр ақпараттық тұғырнаманың орналасқан орнына байланысты көтеретін жүгі, насихаттайтың бағдары белгіленген. Мәселен, баннердің 96-ы мемлекеттік бағдарламаны, 26-ы Президент Жолдауындағы басымдықты, 85-і Тәуелсіздіктің 30 жылдығын арқау еткен. Еңбек адамын дәріптеп, жастарға «Еңбегі көптің – өнбегі көп» ұлағатын ұғындыру маңызды. Ақпараттық тұғырнамада осы тақырып та шет қалмады. Аудан бойынша еңбек адамын насихаттайтын – 75, отбасы құндылығы және тәлімді тәрбие турасында – 21, рухани бағытта – 36 билборд орнатылды.

Жаңақорған кентінің келбеті ауданның әлеуетінен хабар береді. Сондықтан аудан орталығының ақпараттық тұғырнамасы ірі мегаполистегіден кем болмауы тиіс. Кентте көрнекі үгіт-насихат құралдарының саны – 42. Оның ішінде, ең маңыздысын саралайтын болсақ, Рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласымен өзектесі – 2, Мемлекет басшысының Жолдауы бойынша – 2, коронавирустан сақтануға арнаған – 2, жергілікті ақын-жазушыларды насихаттайтын – 12 және жарнамалық бағытта – 5 баннер қойылды. Кенттің екі жерінде LED экран бар.
Елді мекендерге жиі барамыз. Әр ауылдың әлеуетін бағамдауда әлеуметтік үлгіт-насихат құралда көлемі әркелкі екенін байқаймыз. Тіпті идеологиялық мазмұны ескірген баннерлерге де көз түседі. Мейрамдарға байланысты орнатылатын баннерлер бірнеше ай бойы тұрады. Кейде желден жалбырап, күннен сиқы қашқан баннерлерді көргенімізде «мына ауылдың әкімі бар ма?» деген сауал алдымыздан шығады. Әрбір ауылдық округтегі ақпараттық тұғырнаманы талдап, сын тезіне алуға болар еді. Жә, мұны әкімдердің ұятына қалдырдық...
2021 жыл «Балалар әдебиеті» жылы деп жарияланды. Әлі бұл бағыттағы баннер көзге ілінбеді. Бүгінде кітап оқу мәдениетін қалыптастыру өзекті мәселеге айналды. Абайдың «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге», – дегенін қаншалықты танып, біліп жүрміз. Мәселе осында. ХХІ ғасырда бәсекеге қабілетті ұлт – адами капиталмен өлшенеді. Ал, сапалы адами капитал кітап оқитын қоғамда қалыптасады. Осы себепті жыл балалар әдебиеті деп таңдалды. Мұның екі қыры бар. Біріншісі, балалар тақырыбында қалам тартатын ақын-жазушыларды дәріптеу, екіншісі, балалардың назарын кітап оқуға аудару. Үкімет маңыз берген бастаманы ақпараттық тұғырнамалармен қолдау көрсету керек.
Ғабиден Шеңгелбаев,
аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы:
– Аудан бойынша Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 29 баннер орнатылды. Тұлғалардың мерейтойымен құттықтайтын және мерекелік баннерлер үнемі ауыстырып тұрамыз. Елді мекендерде маңызы жойылған ақпараттық тұғырнама бар. Ауыл әкімдеріне ескерту жасаймыз, – деді.
Расында қандай ауылға барсаңыз да суретінің өңі кетіп, жазуының әрпі өшіп, жиектері жыртылғанын байқаймыз. Бұл жөнінде ауыл тұрғындары өз ойларын білдірді.
– Қалада жұмыс істеймін. Сыртта көп жүретіндіктен аудан орталығы мен елді мекендерді жиі салыстырып жүремін. Біздің көшелердегі баннердің тұлғатану бағытында аз екенін байқаймын. Шиелі кентінде белгілі азаматтар туралы мағлұматтар өте көп – дейді Көктөбе ауылдық округының тұрғыны Шолпан Мінуарова.
Әрине, Жаңақорған кентінде ақын-жазушылар мен өнер адамдарына арналған үгіт-насихат құралы аз емес. Онда Манап Көкенов, Бексұлтан Байкенжеев, Адырбек Сопыбеков, Айдархан Бибасаров және т.б. болмыс-бітімін дәріптейтін баннер орнатылды.
Келінтөбе ауылының тұрғыны Маржан Егізбаеваның көшедегі насихат құралына байланысты айтар ойы бар.
– Бізде көшеде тұрған баннерлерде ақын-жазушылардың қанатты сөздерін жазып қойса дұрыс болар еді. Мұны ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілігіміз деп түсінемін. Нұр-Сұлтан қаласы бұл жөнінен өзге қалаларға үлгі. Бас қаланың көшелерінде қарапайым еңбек адамдары туралы мағлұматтар алуға болады. Сондай үгіт-насихат тұғырларында «Жылдың үздік мұғалімі», «Жылдың үздік дәрігер» дегенді қойса қандай жарасады. Бұл – сала мамандарын насихаттайды және қызмет сапасын көтерер еді, – деді ол.
СырөңіріндегіүздікидеологсанатындаРусланРүстемовауданғаәкімболыпкелісіменәлеуметтікбаннерлергемониторингжүргізіп, жаңалануынамәнберді. Мұның дәлелі – ақпараттық тұғырнамалар – насихат құралы.
Әсел РЗАЕВА
27 ақпан 2021 ж. 748 0