№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Депутаттар таңдауы

Депутаттар таңдауы


VII шақырылымдағы Жаңақорған аудандық мәслихатының бірінші сессиясында депутаттардың ашық дауыс беру қорытындысы негізінде аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 15 қаңтардағы №3 шешімімен Ғалымжан Сопбеков Жаңақорған аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланды.
Ғалымжан Жарқынбекұлы 1978 жылы 28 шілдеде Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Егін шаруашылығының ғалым агрономы» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 2000 жылы «Көктем» ЖШС-да менеджер болып бастады. 2001 жылы РМК «Казагрэкс» Қызылорда филиалында бас маман-технолог, 2002 жылдары РМК «Фитосанитария» Қызылорда филиалында маманы болып еңбек етті. 2003 жылдары «Қазагрэкс» АҚ Қызылорда филиалында маман қызметін атқарды.
2004-2008 жылдары «Қазагрэкс» АҚ, бас маман-методисі, ҚР АШМ Қызылорда облыстық аумақтық басқармасының астық және тұқым инспекциясы бөлімінде жетекші маман, бас маман, 2008-2009 жылдары облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы лауазымында болды. 2009-2014 жылдары ҚР АШМ АӨҚ МИК Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы өсімдіктер қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы қызметін атқарды.
2014 жылы Қызылорда қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы, 2015 жылы Қызылорда қалалық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы болды. 2015 жылдың сәуір айынан 2021 жылдың 14 қаңтарына дейін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Ғалымжан Сопбеков жаңадан сайланған уәкілетті органның жұмысына мол тәжірибесін қосып, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуы жолында қызмет атқарады деп сенім білдіреміз.
19 қаңтар 2021 ж. 612 0