Соңғы жаңалықтар

Құрметті облыс тұрғындары!

28 қыркүйек 2026 ж. 43

№73 (8986) 26

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (8985) 22

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Мас адамға көлігін басқаруға бергені үшін әкімшілік жазаға тартылды

Мас адамға көлігін басқаруға бергені үшін әкімшілік жазаға тартылды


Жаңақорған аудандық сотында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен азамат Б.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Құқықбұзушы 2021 жылғы 13 қаңтарда Жаңақорған кенті Т.Бегельдинов көшесінің бойында өзінің «Opel Vectra» үлгісіндегі автокөлігін алкогольді масаң күйдегі азамат А.-ға басқаруға берген.
Сотта құқықбұзушы өз кінәсін мойындап, А. көрші болып табылатынын, екеуі бірге бір шөлмек арақ ішкенін, содан соң алкогольді масаң күйдегі А.-ға өзінің автокөлігін басқару үшін бергенін көрсеткен.
ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінің талабына сәйкес жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру ‑ он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
Құқықбұзушы Б.Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 тәулік әкімшілік қамаққа алынып және көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылды.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
19 ақпан 2021 ж. 744 0