Zoom платформасы арқылы жеке құрамның қатысуымен онлайн кездесу өткізді
Бүгін «Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығының офлайн және Zoomплатформасы арқылы жеке құрамның қатысуымен онлайн кездесу өткізді.
Кездесу барысындаҚадырбек Қалдыбекұлы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы баяндап, басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі тәжірибесі мен қызметшілердің сыйлықтар алуына толық тыйым салуды және жақын туыстардың бірлескен жұмысына салынған шектеулерді атап өтті.
Өз кезегінде департамент басшылығы 2020 жылғы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар жөнінде және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстарының қорытындысы бойынша қабылданып жатқан жұмыстар жайлы хабарлама жасады.
Шара соңында қатысушылар назарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, сауалдарға жауаптар берілді.